Жезқазған қаласы Кеңгір ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2022 жылғы 10 наурыздағы № 16/136 шешімі. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 24 мамырдағы № 18/106 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 24.05.2024 № 18/106 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Кеңгір ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы А. Досанов

  Жезқазған қалалық мәслихатының
2022 жылғы 10 наурыздағы
№ 16/136 шешіміне
1 қосымша

Жезқазған қаласы Кеңгір ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жезқазған қаласы Кеңгір ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Жезқазған қаласы Кеңгір ауылы тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдың аумағы учаскелерге бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Кеңгір ауылының әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Кеңгір ауылының әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Кеңгір ауылының әкімі ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Кеңгір ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Кеңгір ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жезқазған қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті Кеңгір ауылы әкімінің аппаратына беріледі.

  Жезқазған қалалық мәслихатының
2022жылғы 10 наурыздағы
№ 16/136 шешіміне
2 қосымша

Жезқазған қаласы Кеңгір ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы:

р/с №

Кеңгір ауылының көшелер атауы

Өкілдер саны (адам)

1

Түйемойнақ станциясы

3

2

Теректі станциясы

3

3

Қорғанбай ауылы

3

4

Мұхтар Әуезов

3

5

Тимирязев

3

6

Пушкин

3

7

Қаныш Сәтбаев

3

8

Ұлытау

3

9

Мира

3

10

Молодежная

3

11

Сәкен Сейфуллин

3


Барлығы:

33


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады