Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Genesis project" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 1804,5332 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2028 жылдың 16 наурызына дейін жария сервитут белгіленсін.
2. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Әбеуова |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 35/02 қаулысына қосымша |
№ | Атауы | Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, га | Оның ішінде | |
ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылым га | Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері га | |||
1 | Ауданның жер қоры | 88,3643 | 88,3643 | 0,0000 |
2 | № 5 учаске Н.Қайдарованың "Еркебулан" шаруа қожалығының жерлері (09-102-012-213) | 369,2365 | 369,2365 | 0,0000 |
3 | № 2 учаске У.Аримбаеваның "Алғабас" шаруа қожалығының жерлері (09-102-012-104) | 531,6982 | 531,6982 | 0,0000 |
4 | Е.Шакеновтың "Екпін" шаруа қожалығының жерлері (09-102-012-166) | 495,9994 | 495,0000 | 0, 9994 |
5 | № 2 учаске А.Шибиевтің "Екпін" шаруа қожалығының жерлері (09-102-012-154) | 319,2348 | 319,0000 | 0,2348 |
Барлығы | 1804,5332 | 1803,299 | 1,2342 |