Жария сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 35/03 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 693,6000 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2028 жылдың 14 қаңтарына дейін жария сервитут белгіленсін.

      2. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Әбеуова

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 13 маусымдағы
№ 35/03 қаулысына
қосымша

Атауы

Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, га

Оның ішінде

ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылым га

Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері га

1

№1 учаске "Нұрдәулет" шаруа қожалығының жерлері (09-102-040-256)

250,0000

0,0000

250,0000

2

№2 учаске "Нұрдәулет" шаруа қожалығының жерлері (09-102-040-234)

33,6000

0,0000

33,6000

3

Қ.Жүнүсовтың "Аңсар" шаруа қожалығының жерлері (09-102-040-1253)

410,0000

410,0000

0,0000


Барлығы

693,6000

410,0

283,6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады