"TemirCraft LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер часкелеріне геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қазандағы № 60/09 қаулысы

      "TemirCraft LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішін қарастырып, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабы 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4, 7 тармағына, 71-1 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Temircraft LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу (қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу) үшін 2027 жылғы 29 қарашаға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Бұқар жырау ауданының Петровка ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 59 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ басшысы (Мадениетов Е.М.) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұқар жырау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бұқар жырау ауданының әкімі Н. Кобжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады