Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабы 1-5) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, қауымдық сервитут және жеткізуші газ құбырын жобалау және салу үшін Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының жерлерінде 5 жыл мерзімге орналасқан аумағы 20,7593 гектар жер учаскелеріне қорғау аймағы белгіленсін.
2. "Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Арман Шалиевич Дардаковқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұқар жырау ауданының әкімі | Н. Кобжанов |