Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 366 қаулысы. Жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 3 қазандағы № 266 қаулысымен

      Ескерту. Жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 03.10.2023 № 266 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2023 бастап еңгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7) тармақшасына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарқаралы ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2023 жылдың 01 қаңтарынан бастап еңгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімі Е. Құсайын

  Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "02" желтоқсандағы
№ 366 қаулысына қосымша

Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Қарқаралы ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Қызмет-керлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызмет-керлердің тізімдік санынан)

Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

"Кабишев Бауржан Саятович" жеке кәсіпкер

10

1

1

2

"Айбол" шаруа қожалығы

11

1

1

3

"Игликова" жеке кәсіпкер

10

1

1

4

"Гулим" шаруа қожалығы

10

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады