Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 2 қарашадағы № 8 шешімі. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімінің 30.11.2022 № 9 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 02 қарашадағы № 06-05-02-16/468 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мартбек Мамыраев ауылдық округінің "Қоспақ" қыстағындағы "Свиридов" шаруа қожалығы аумағында ірі қара малдары арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімі Ж. Аскербекулы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады