Қарағанды облысы Нұра ауданы Талдысай ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 қазандағы № 180 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Нұра ауданы Талдысай ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Нұра ауданы Талдысай ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін жергілікті қоғамдастық жиында ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұра аудандық мәслихатының хатшысы Т. Оспанов

  Нұра аудандық мәслихаттың
2022 жылғы 7 қазандағы
№ 180 шешіміне
1 қосымша

Қарағанды облысы Нұра ауданы Талдысай ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Қарағанды облысы Нұра ауданы Талдысай ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік ережелеріне сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген және Қарағанды облысы Нұра ауданы Талдысай ауылының (одан әрі – Талдысай ауылы) аумағында ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді белгілейді.

      2. Осы тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық-шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Талдысай ауылының аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу үшін Талдысай ауылының аумағы: Талдысай ауылының учаскесіне бөлінеді.

      4. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Талдысай ауылының өкілдері сайланады, бірақ ауылдан үш адамнан аспауы керек.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Талдысай ауылының әкімі шақырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер Талдысай ауылының әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен ғаламтор - ресурстар, мобильді немесе үй байланыс желілері, мобильді қосымшалар мессенджерлері арқылы хабардар етеді.

      7. Ауыл шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Талдысай ауылының әкімі ұйымдастырады.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында Талдысай ауылының аумағында қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Талдысай ауылында тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) он пайызы қатысқан кезде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны өтті деп есептеледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Талдысай ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Талдысай ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Талдысай ауылының тұрғындары өкілдерінің үміткерлерымен Қарағанды облысы Нұра ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір үміткер бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған үміткерлер сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және жиын өткізілген күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Талдысай ауылы әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасында:

      1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының өткізілетін күні мен орны;

      2) ауыл шегінде тұратын және жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны;

      4) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны төрағасының және хатшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса);

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

  Нұра аудандық мәслихаттың
2022 жылғы 7 қазандағы
№ 180 шешіміне
2 қосымша

Қарағанды облысы Нұра ауданының Талдысай ауылының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Ауыл атауы

Ауыл өкілдерінің саны

1

Талдысай ауылы

3


Барлығы

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады