Осакаров ауданының Ақбұлақ ауылдық округі аумағында жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 2 қарашадағы № 07 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық жер комиссиясының шешімі негізінде ШЕШТІМ:

      1. "TNS Plus" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты – оптикалық байланыс желісін салу және пайдалану үшін Ақбұлақ ауылдық округінің Роднички ауылында ауданы 1,7 гектар жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай, 49 жыл мерзімге жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Н. Машрапов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады