Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы Шакен ауылдық округі әкімінің 20.09.2022 № 27 шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шәкен ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 1 қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Шәкен ауылдық округінің Шәкен ауылындағы Шәкен көшесі Бақытжан Смағұлов көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шәкен ауылдық округінің әкімі | Т.Кималов |