Жаңаөзен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 258 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Жаңаөзен қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаөзен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің Қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қаласының әкімі А. Қосуаков

  Жаңаөзен қаласы
  әкімдігінің 2022 жылғы 19
  мамырдағы №258
  қаулысына қосымша

Жаңаөзен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін айқындайды.

      2. Коммуналдық қалдықтар деп мынадай тұтыну қалдықтары түсініледі:

      1) өзгелермен қатар қағаз бен картонды, шыныны, металдарды, пластмассаны, органикалық қалдықтарды, сүректі, тоқыманы, қаптаманы, пайдаланылған электр және электрондық жабдықтарды, батареялар мен аккумуляторларды қоса алғанда, үй шаруашылықтарының аралас қалдықтары мен бөлек жиналған қалдықтары;

      2) егер аралас қалдықтар және басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар өзінің сипаты мен құрамы бойынша үй шаруашылықтарының қалдықтарына ұқсас болса, осындай қалдықтар.

      Коммуналдық қалдықтарға өндіріс, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық аулау, септиктер мен кәріз желілері, сондай-ақ сарқынды судың тұнбасын қоса алғанда, тазарту құрылысжайлары қалдықтары, пайдаланудан шығып қалған көлік құралдары немесе құрылыс қалдықтары кірмейді.

      Тұтыну қалдықтарына адамның тыныс-тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген қалдықтар, өзінің тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан өнімдер және (немесе) бұйымдар, олардың қаптамасы және агрегаттық жай-күйіне қарамастан жарамдылық не пайдалану мерзімі біткен, сондай-ақ меншік иесі өз бетінше физикалық түрде құтылған не тұтыну қалдықтарының қатарына құжатпен аударған өзге де заттар немесе олардың қалдықтары жатады.

      3. Коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрауыштары (электрондық және электр жабдықтар, құрамында сынап бар қалдықтар, батарейкалар, аккумуляторлар және өзге де қауіпті құрамдастар) бөлек жиналуға және арнайы бейімделген кәсіпорындарға қалпына келтіруге берілуге тиіс.

2-тарау. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібі

      4. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке белгіленеді.

      5. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.

      6. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын айқындау кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін есептей отырып, заттай өлшеулер жүргізу жолымен жүргізіледі.

      7. Заттай өлшеулер жүргізу үшін абаттандырудың әртүрлі деңгейі бар екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:

      1) тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді ұсыну үшін пайдаланылатын үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтары бар жайлы тұрғын үй;

      2) тұтынушыларға коммуналдық қызмет көрсету үшін пайдаланылатын үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтары жоқ жайлы емес тұрғын үй.

      8. Халықтан түзілетін коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын айқындау үшін тұрғын халықтың мынадай саны бар учаскелер бөлінеді:

      тұрғындарының саны 300 мың адамға дейінгі елді мекендерде учаскелер абаттандырудың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 2%-ын қамти отырып таңдалады;

      халық саны 300-ден 500 мың адамға дейінгі елді мекендерде – 1 %;

      тұрғындарының саны 500 мың адамнан асатын елді мекендерде – 0,5% (оның ішінде жайлы емес сектор бойынша кемінде 500 адам).

      9. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында "Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспортын жасайды.

      10. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі мен массасын анықтау үшін өлшеу сызғышы мен таразы жабдығы пайдаланылады.

      11. Өлшеу алдында контейнердегі қалдықтар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен теңестіріледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтардың көлемі анықталады.

      12. Жинақталған қалдықтардың массасы толтырылған контейнерлерді өлшеу және коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымның бос контейнердің массасын одан әрі шегеру жолымен айқындалады.

      13. Арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағы бір учаскенің түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтарының жалпы көлемімен толық толған және басқа учаскелерден одан әрі тиеу мүмкін болмаған кезде қалдықтардың массасын автомобиль таразыларында тиелген және бос машиналарды өлшеу арқылы анықтауға жол беріледі.

      14. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бастапқы жазба бланкісіне енгізіледі.

      15. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін әрбір объектінің алынған деректері (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша жинақталады және "Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесімен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық маусымдық ведомосіне енгізіледі.

      16. Маусымдық өлшеулер жүргізілгеннен кейін "Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі деректерді (масса, көлем) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосіне енгізеді.

      17. Белгілі бір объект бойынша өлшеу болжанатын коммуналдық қалдықтарды жинау басқа объектілердің коммуналдық қалдықтарының араласуын болдырмауы тиіс.

      18. Коммуналдық қалдықтардың жинақталуын анықтау кезінде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды толық есепке алу және біркелкі емес түзілу мен жинақталу коэффициентін анықтау үшін қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны таңдап алынған учаскелерді тексеру кезінде нақтыланады.

      Барлық контейнерлер толығымен тазалануы керек:

      1) күнделікті әкету кезінде-өлшеу басталғанға дейін тәулік бұрын;

      2) күнделіктіден сирек кесте бойынша әкету кезінде– кесте бойынша әкетудің соңғы күні өлшеу аптасының алдында.

      19. Өлшеу басталғанға дейін тәулік бұрын коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйым барлық контейнерлерді толық тазартуы тиіс.

      20 Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу олар жүргізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

3-тарау. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу

      21. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу мынадай түрде жүргізіледі:

      1) тәулігіне объектіде коммуналдық қалдықтарды жинауға арналған бір контейнерде түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vконт., М3):

      V конт=h*S

      мұндағы, h-контейнер негізінен жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктігі, м;

      S – контейнер негізінің алаңы, м2;

      2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса:

      Vтәу Vконт1= +Vконт2+Vконт3...

      мұндағы, Vконт1, Vконт2, Vконт3 – контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік көлемі. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнердің санына байланысты жүргізіледі;

      3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mконт., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      mконт=m3- mп

      мұндағы m3– қалдықтар тиелген контейнердің массасы, кг;

      mп– қалдықтардан бос контейнердің массасы, кг;

      4) объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mтәу., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      mтәу=mконт1+mконт2+mконт3...

      мұндағы, mконт1, mконт2, mконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасы. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;

      5) өлшеулер контейнерлік алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейін тәуліктің бір уақытында жүргізіледі. Өлшеулерді жүргізу кезеңі: жеті күн (үзіліссіз).

      Өлшеулерді жүргізу мерзімдері: қыс-желтоқсан, қаңтар, ақпан; көктем-наурыз, сәуір, мамыр; жаз-маусым, шілде, тамыз; күз-қыркүйек, қазан, қараша.

      Маусымдық кезең ішінде объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vмаус, м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      Vмаус=Vтәу1+ Vтәу2+....+ Vтәу7

      мұндағы, Vтәу1, Vтәу2 – белгіленген маусымда әрбір тәулік үшін объектіде коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемі;

      6) маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың массасын анықтау (mмаус, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      mмаус=mтәу1+ mтәу2+...+ mтәу7

      мұндағы, mтәу1 mтәу2 – белгіленген маусымда әрбір тәулік үшін объектіде коммуналдық қалдықтардың түзілу массасы;

      7) объектіде коммуналдық қалдықтардың түзілу көздерінің санына коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық тәуліктік нормасын айқындау (есептілік бірлігі) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша (Vтм, м3):

      Vтм = Vмаус/(nxa)

      массасы бойынша (mтм, кг):

      mтм = mмаус/(nxa)

      мұндағы n - маусымдық кезең ішінде бақылау тәулігінің саны;

      а – есептік бірліктің саны.

      8) объектіде есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша (Vтом, м3):

      Vтом= (Vктм + Vктм + Vжтм +Vкү тм)/n

      массасы бойынша (mтом, кг):

      mтом= (mктм + mктм + mжтм +mкү тм)/n

      мұндағы, жоғарғы индекстер "қ", "к", "ж", "кү" – қыста – "қ", көктемде – "к", жазда – "ж", күзде "кү" – есептік бірлікте тиісінше қалдықтар пайда болуының тәуліктік орташа маусымдық нормативтерін білдіреді;

      n – қалдықтар пайда болған маусымның саны (n=4).

      9) Объектіде есептік бірлікте коммуналдық қалдықтардың пайда болуымен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша (Vж, м3):

      Vж= Vтожх nк

      массасы бойынша (mж, кг):

      mж= mтожX nк

      мұндағы nк – жылдағы күннің саны.

      22. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын, коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық және тәуліктік маусымдық біркелкі емес коэффициентін анықтау үшін қосымша мынадай есеп жүргізіледі:

      1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (gop, кг/м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      qcp = m/V,

      мұндағы, m және V - есептік бірлікте тиісінше массасы мен көлемі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жылдық немесе орташа маусымдық нормативтері;

      2) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық біртекті емес коэффициентін (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша:

      Кбе = Vом/Vж

      массасы бойынша:

      Кбе = mом/mж

      3) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік маусымдық біртекті емес коэффициентін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша:

      Кмбе= Vmax.тәу./Voм

      мұндағы, Vmax.тәу. – маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік көлемі, м3

      массасы бойынша:

      kсн= mmaxтәу./moм

      мұндағы, mmax.тәу.– маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік массасы, кг.

      23. Нақты және есептік жылдық көлеммен салыстыру жүргізу үшін коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының белгіленген жылдық нормалары объектінің бір есептік бірлігіне есептік бірлік санына көбейтіледі. Коммуналдық қалдықтардың пайда болуының жылдық көлемінің алынған есебі олардың сол объектіден нақты жинақталуынан бір жыл ішінде бес пайыздан астам айырмашылығы болмауы тиіс. Есептік және нақты деректер бес пайыздан астам айырмашылық болған кезде коммуналдық қалдықтардың пайда болуының сараланған нормативтері олардың пайда болуының негізгі объектілері бойынша талап етілетін қателікпен нәтижеге дейін түзетіледі.

  Коммуналдық қалдықтардың түзілу және
  жинақталу нормаларын есептеудің
  қағидаларына 1-қосымша

Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және басқа да осындай объектілер

1 орын

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

4

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

9

Мейрамханалар, дәмханалар, басқа да көңіл көтеру орындары және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-дәмханалар, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

11

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңы 1м2

12

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

13

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңы 1 м2

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы 1 м2

17

Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

18

Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету

жалпы алаңы 1 м2

19

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

жалпы алаңы 1 м2

20

Жағажайлар, жолдардан көше сметалары

жалпы алаңы 1 м2

21

Дәріханалар

сауда алаңы 1 м2

22

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильге жанармай құю станциялары

1 машина-орын

23

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

24

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

25

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

26

Кір жуатын, химиялық тазалау, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательелері

жалпы алаңы 1 м2

27

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы 1 м2

28

Шағын жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

29

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы 1 м2

30

Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды саябақ қалдықтары

1000 қатысушы

31

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

  Коммуналдық қалдықтардың түзілу және
  жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары
  2-қосымша

      Нысан

Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты

      Елді мекен, аудан, облыс_______________________________________________

      1. Мекенжайы________________________________________________________

      2. Қабаттылығы_______________________________________________________

      3. Үйдің нөмірі _______________________________________________________

      4. Тұрып жатқан адамдардың саны, адам_________________________________

      5. Жайлылық деңгейі:

      а) су құбырының, газдың, кәріздің болуы _________________________________

      б) жылу беру түрі (орталықтан, пешпен, жергілікті)________________________

      в) отынның түрі - көмір (тас көмір, қоңыр темір), ағаш отын, газ _____________

      г) қоқыс құбырының болуы_____________________________________________

      д) аула аумағының алаңы, м²____________________________________________

      жасыл екпелер бар ____________________________________________________

      жабыны қатты _______________________________________________________

      оның ішінде жаяусоқпақтар ____________________________________________

      6. Контейнерлердің түрі, олардың саны және сыйымдылығы ________________

      7. Қалдықтарды шығару кезеңділігі______________________________________

      8. Тамақ қалдықтары мен қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша) __________________________________________________

      9. Қайталама шикізатты шығару кезеңділігі_______________________________

      10. Тамақ қалдықтарын шығару кезеңділігі________________________________

      11. Қауіпті қалдықтарды бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша фракция) ____________________________________________________________

      Қолдары:

      Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы

      Нысан

Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты

      Елді мекен, аудан, облыс ______________________________________________

      1. Объектінің атауы ___________________________________________________

      2. Мекенжайы ________________________________________________________

      3. Жапсарлас салынған немесе жеке тұрған (соңғысының қабатын көрсету қажет) ______________________________________________________________

      4. Есеп айырысу бірліктерінің саны (қызметкерлер және т. б.) _______________

      5. Тәулігіне өткізу қабілеті: ____________________________________________

      ойын-сауық кәсіпорындары үшін (орын саны) ____________________________

      қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін (тағам түрі) ______________________

      6. Қызмет көрсететін персоналдың саны, адам ____________________________

      7. Үй-жайдың жалпы алаңы, м² _________________________________________

      сауда алаңы _________________________________________________________

      қоймалық және қосалқы алаң ___________________________________________

      8. Аула аумағының алаңы, м² ___________________________________________

      жасыл екпелер бар ____________________________________________________

      жабын қатты _________________________________________________________

      9. Контейнерлердің типі, олардың саны және сыйымдылығы ________________

      10. Қалдықтарды шығару кезеңділігі_____________________________________

      11. Тамақ қалдықтары мен қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша) __________________________________________________

      12. Қайталама шикізатты шығару кезеңділігі ______________________________

      13. Тамақ қалдықтарын шығару езеңділігі ________________________________

      14. Қауіпті қалдықтарды бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша фракция) ____________________________________________________________

      Қолдары:

      Т. А. Ә. (болған жағдайда), лауазымы

  Коммуналдық қалдықтардың түзілу және
  жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары
  3-қосымша

      Формасы

Бастапқы жазба бланкісі

      ________________

      (күні)

      объектісі бойынша ____________________________________________________

      (атауы, мекенжайы)

Контейнердің р/с №

Жиналған қалдықтар қабатының биіктігі, һ, м

Контейнер негізінің алаңы, S, м²

Контейнердегі қалдықтардың көлемі, V, h*S, м³

Қалдықтармен тиелген контейнердің массасы (қоқыс тасығыш), m³, кг

Бос контейнердің массасы (қоқыс тасығыш), mп, кг

Контейнердегі қалдықтардың массасы, mконт, m³ - mп

1







2







...







Тәулік ішіндегі жиыны



Vтәу



Мтәу















  Коммуналдық қалдықтардың түзілу және
  жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары
  4-қосымша

      Нысан

Объектілердің топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жиналуының жиынтық айлық (маусымдық) ведомосі

      20__жылғы "___" ___________бастап "____" _______________ дейін кезеңі

      Жайлылық типі ___________________________________________

Аптаның күндері

Объектінің атауы

Объектінің қызмет түрі

Есептік бірліктің саны

Жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі/массасы

Орташа тығыздығы, кг/м³

Барлығы қайталама шикізат іріктеп алынды (бөлек жинаған кезде)

жалпы

1 есептік бірлікке

кг

м³

кг

м³

кг

м³

Дүйсенбі











Сейсенбі











Сәрсенбі











Бейсенбі











Жұма











Сенбі











Жексенбі











      Қолдары

      Т. А. Ә. (болған жағдайда), лауазымы

  Коммуналдық қалдықтардың түзілу және
  жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары
  5-қосымша

      Нысан

Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосі

      Жайлылық типі ______________________________________________

Объект

Ай

Өлшенетін бірліктің саны

Қалдықтардың жиналуы

Біртекті емес коэффициент

Бөлек жинау, кг

жалпы

өлшенетін 1 бірлікке

жалпы

1 өлшенетін бірлікке

м³

кг

м³

кг

м³

кг

м³

кг

м³

кг

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13



























      Барлығы ____________

      Тәулігіне орташа _______________

      Қолдары ______________

      Т. А. Ә. (болған жағдайда), лауазымы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады