Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылы әкімінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 21 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабына, 69 бабының 4-тармағының 2-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына, ШТИ-002, КУ-330 электр жабдықтау желісін салу үшін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан Ақжігіт ауылынан ауданы 0,1603 гектар жер учаскесі 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Ақжігіт ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы шешімді ресми жариялауға жіберуді;

      Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақжігіт ауылы әкімінің міндетін атқарушы А.Дуйсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады