Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабына, 69 бабының 4-тармағының 2-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ШЕШТІМ:
1. "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына, ШТИ-004, КУ-337 электр жабдықтау желісін салу үшін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан Ақжігіт ауылынан ауданы 0,5688 гектар жер учаскесі 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Ақжігіт ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы шешімді ресми жариялауға жіберуді;
Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақжігіт ауылы әкімінің міндетін атқарушы | А.Дүйсенбаев |