Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19, 69 - баптарына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына және жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасына сәйкес ШЕШТІМ:
1. "QazagGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына Төлеп ауылының жерінен ШТИ-012, КУ-920 электрмен жабдықтау желісін салу үшін алаңы 0,3323 гектар жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 3 (үш) жыл мерізімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Төлеп ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы шешімді ресми жариялауға жіберуді;
Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. "QazagGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы:
"Азаматтарға арналған үкімет" "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы - Тіркеу және жер кадастыры бойынша Бейнеу ауданы бөлімінен мемлекеттік тіркеуден өту ұсынылсын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі | А.Сейилханов |