Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.
2. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысы (М.Оразалиев) заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;
жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Маңғыстау ауданы әкімі | Т.Кушмаганбетов |
Маңғыстау ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы "31" наурыздағы | |
№101 қаулысымен бекітілген |
"Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөр таңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі " мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 130400, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Маңгыстау ауданы, Шетпе ауылы, Орталык кошесі, ғимарат №45.
9. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы – "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Мемлекеттік органның орыс тілдегі толық атауы – государственное учреждение "Мангистауский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния"
10. Осы Ереже "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру қолданыстағы заңнамаларға сәйкес руспубликалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
"Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
13. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу салаларында мемлекттік саясатты жүргізу және функцияларды жүзеге асыру.
14. Негізгі міндеттері:
1) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) азаматтық хал актілерін тіркеуді іске асыру;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де міндеттер;
4) Маңғыстау әкімдігінің жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелеріне қатысты қаулы жобаларын әзірлеу және ведомствоаралық комиссиялардың хатшылығын жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) жұмыссыздарды тіркеу;
2) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
3) жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау;
4) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік және қайырымдылық көмектерді көрсетуді ұйымдастыру;
5) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу;
6) "Азаматтық хал актілері жазбалары" ақпараттық жүйесін жүргізу;
7) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу бойынша ақпараттық қызметтер көрсету;
8) тууды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толқтырулар мен түзетулер енгізу;
9) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
10) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;
11) әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
12) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
13) азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
14) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
15) ұл (қыз) асырап алуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
16) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
17) өз уәкілеттігі шегінде меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда "Халықты жұмыспен қамту туралы", "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасы Заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің еңбек қатынастары мен жұмыспен қамтуға қатысты бөлігінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мен ұйымдастыруға қатысу;
18) учаскелік комиссиялардың қызметін үйлестіру, оларға методикалық және тәжірибелік көмек көрсету;
19) еңбек нарығына қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік болжам жасау үшін әлеуметтік зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу, экономикадағы құрылымдық өзгерістерге талдау жасау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып аудандағы халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздарды және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саясатындағы басты бағыттарды белгілеу;
20) өз құзіреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды және мүгедектерді кәсіби оқыту жұмыстарын ұйымдастыру, жұмыс орындарына деген қажеттілікті анықтау, осы мақсатқа бюджеттен бөлінген қаражаттың пайдалануына бақылау жасау, оқу орындарымен және өндірісте оқыту үшін кәсіпорындармен шаруашылық есептік келісім шарт жасау, оқыту мерзімдері мен конкурс шарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
21) жергілікті атқару органдарымен бірге халықтың әлеуметтік қорғаусыз бөліктері ішінен нысаналы топтарға жататындарын анықтап және мүгедектерді, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін ықпал ететін шараларды қабылдау;
22) жұмыспен қамту мәселесінде азаматтарға қызмет ету және жұмыспен қамту мәселесі бойынша ақпараттық-талдау жүйелері арқылы мәліметтердің компьютерлік базасын қалыптастыру жолымен жұмыстың қазіргі түрі мен әдістерін енгізу;
23) азаматтардың әлеуметтік құқығын іске асырудың тиісті әдістерін енгізу, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету;
24) тұрмысы төмен азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, арнайы мемлекеттік жәрдемақы және басқа да жәрдемақылар тағайындаған кезде қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету және мүгедектерді әлеуметтік қолдау;
25) мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету және оларды арнаулы жылжымалы құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
26) мүгедектер және тұрмысы төмен халықтың бөлігіне демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету үшін қоғамдық ұйымдармен, қайырымдылық қорлармен, заңды және жеке тұлғалармен бірлесе әрекет жасау және оны үйлестіру;
27) мүгедектерді, тұрмысы төмен азаматтарды және олардың мәртебесін анықтауға, соғыс және еңбек ардагерлерімен жұмыс жүргізуге көмек көрсету.
28) азаматтарды қабылдау және оларға еңбек қатынастары туралы және бөлім құзырына кіретін басқа да мәселелер бойынша кеңес беруді жүзеге асыру;
29) Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен ұйымдардан келіп түскен хаттарды, өтініштерді, арыздарды, ұсыныстарды және басқа да өтінішдерді қарау, олар бойынша тиісті шаралар қолдану және еңбек қатынастар, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша түсіндіру;
30) өмірлік маңызды болып табылатын тұрмыстық қызмет түрлерін көрсету мақсатында жалғызбасты қарт азаматтар мен мүгедектерге үйлерінде қызмет көрсету және оларды қарттар мен мүгедектер интернат-үйлеріне орналасуға көмектесу;
16. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқығы:
1) "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына қарасты мәселелер бойынша меншік нысандарына қарамастан кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерден қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға алуға;
2) ұйымдарда қоғамдық жұмыстар дайындау мен өткізу, жұмыссыздарды дайындау мен қайта дайындау, азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізуге;
3) қоғамдық акциялар мен халықты әлеуметтік қолдауға байланысты бағдарламаларды өткізуді ұйымдастыруға;
4) белгіленген тәртіпте жұмыспен қамту мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар және жиналыстар өткізуге;
5) азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға және ұйымдарға сұраулар жолдауға;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
17. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеті:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауға;
2) белгіленген тәртіпте салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікті болуға.
3. Мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Маңғыстау ауданының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдауына дербес жауапты болады;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына белгіленген тәртіпте "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдайды;
5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мекемесінің мүддесін білдіреді;
6) "Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорын заңға сәйкес тағайындайды және босатады;
7) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
23. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де кіріс көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер, заңнамада өзгеше көзделмесе "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
27. Қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
"Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.