"Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 759 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесінің электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 872 "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қаласының әкімі М. Жүндібаев

  Қостанай қаласы әкімдігінің
  2022 жылғы "20" сәуір
  № 759 қаулысымен
  бекітілген

"Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ) Қостанай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ ведомстволары жоқ.

      3. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      6. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiлік берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен, "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері – 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98.

      10. Осы Ереже "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қызметiн каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2-тарау. Мемлекеттiк органның мiндеттерi мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын әзірлеу, басымдылықтарын және негізгі бағыттарын анықтау;

      2) қаланың бюджеттік саясатын қалыптастыру;

      3) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне мониторинг;

      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      1) әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша қала әкімдігіне ұсыныстар енгізу;

      2) қала дамуының Бағдарламасын және оны іске асыру бойынша шаралар Жоспарын түзету жөнінде қала әкімдігіне ұсыныстар енгізу;

      3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдамалы материалдарын дайындау және ұсыну;

      4) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан қажетті мәліметтерді, материалдарды және құжаттарды белгіленген тәртіпте сұрау және алу;

      5) қазақстандық және шетелдік заңды және жеке тұлғаларды консалтинг қызметтерін жүзеге асыру үшін жұмысқа тарту;

      6) мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды сараптама өткізу және консультация беру үшін тарту;

      7) "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қолданыстағы заңнамамен оған ұсынылған өзге де құқықтары мен міндеттері бар.

      2) Міндеттері:

      1) жергілікті атқарушы органдарымен қала дамуының Бағдарламасының шараларын іске асыруына мониторингті жүзеге асыру;

      2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдамалы материалдарын дайындау және ұсыну;

      3) қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асыру;

      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік есебін және қаржылық есептілігін жүргізу;

      5) нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзіне бекітілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;

      6) мекеме жұмыскерлерінің кепілді еңбек жағдайларын және әлеуметтік қорғау шараларын қамтамасыз ету;

      7) "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қолданыстағы заңнамамен оған берілген өзге де құқықтары мен міндеттері бар.

      3) Функциялары:

      1) әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу бойынша үйлестіруді жүзеге асыру;

      2) экономикалық талдауды және қала дамуының негізгі көрсеткіштерінің болжамын жүргізу;

      3) Қаланың аумағын дамыту бағдарламасын әзірлеу, түзету және іске асыру мониторингісін жасау;

      4) Қаланың аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша шаралардың Жоспарын әзірлеу және түзету;

      5) басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру;

      6) тиісті қаржылық жылға қалалық бюджеттің жобасын әзірлеу және бюджетті нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізу;

      7) тиісті қаржылық жылға арналған қалалық бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қала әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу және өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      8) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, Қостанай қаласы әкімдігінің нормативті құқықтық және нормативті емес актілерінің жобаларын әзірлеу және келісім беру;

      9) Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік органдарының лимиті мен құрылымы туралы Қостанай қаласы әкімдігінің қаулыларының жобаларын әзірлеу;

      10) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларына экономикалық сараптама өткізу;

      11) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру барысы жөнінде жылдық мониторингті әзірлеу;

      12) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың бағалауын жүзеге асыру;

      13) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалық органдардың (болған жағдайда) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ басшылықты, "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      19. Бірінші басшының өкiлеттiктері:

      "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ бірінші басшысының өкiлеттiктері:

      1) "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;

      2) "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ жүктелген функцияларын орындау үшін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөнінде қабылданбаған шараларға дербес жауап береді;

      3) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ штаттық кестесін бекітеді;

      5) лауазымға біліктілік талаптарын бекітеді;

      6) бұйрықтар шығарады және "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қызметкерлерімен орындау үшін міндетті болып табылатын нұсқаулар береді;

      7) барлық ұйымдарда "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ мүдделерін ұсынады;

      8) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қыметкерлеріне ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

      9) іссапарлар, тағылымдамалар бойынша "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      10) қаржы құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие болады;

      11) шарттар жасасады;

      12) сенімхаттар береді;

      13) әкімдік актілерінің жобаларын дайындаған кезде "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ол нормативті емес құқықтық акті немесе нормативті құқықтық акті болып табылатынын анықтайды;

      14) әзірлеуші орган мемлекеттік мекеме болып табылатын, әкімдіктің нормативті құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу, қабылдау және содан кейін мемлекеттік тіркеу барысын тікелей бақылауын жүзеге асырады;

      15) әкімдікке жобаларды белгіленген мерзімде уақытылы, сапалы әзірлеуіне, рәсімдеу және ұсынуына, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жобалар мәтіндерінің түпнұсқаулылығына дербес жауапты болады;

      16) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, басқа да функцияларды жүзеге асырады.

      "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерінің орындалуын қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

      "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк "ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      22. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады