Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш және 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 29 бұйрықпен бекітілген жер құрылысы жобасының негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Рудный қаласы әкімдігінің "Железорудная ЖЭК" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Рудный қаласы, жылу трассасының желісі (Железорудная станциясы) мекенжайында орналасқан, жылу желілеріне қызмет көрсету және пайдалану мақсатында көлемі 0,9045 га жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
Рудный қаласының әкімі | Қ. Испергенов |