Рудный қаласы әкімдігінің "Железорудная ЖЭК" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жылу желілеріне қызмет көрсету және пайдалану мақсатында жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 135 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, өтініш және 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрықпен бекітілген жер құрылысы жобасының негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Рудный қаласы әкімдігінің "Железорудная ЖЭК" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Рудный қаласы:

      1) 46-47 кварталдардың жылу желісі;

      2) 44 кварталдың жылу желісі;

      3) 48 кварталдың жылу желісі;

      4) 11 кварталдың жылу желісі;

      5) 33 кварталдың жылу желісі;

      6) 41 кварталдың жылу желісі;

      7) 32 кварталдың жылу желісі;

      8) 17 кварталдың жылу желісі;

      9) 14 кварталдың жылу желісі;

      10) 16 кварталдың жылу желісі;

      11) 34 кварталдың жылу желісі;

      12) 42 кварталдың жылу желісі;

      13) 43 кварталдың жылу желісі;

      14) 50 кварталдың жылу желісі;

      15) 45 кварталдың жылу желісі;

      16) 49 кварталдың жылу желісі;

      17) 35 кварталдың жылу желісі;

      18) 52 кварталдың жылу желісі;

      19) 57 кварталдың жылу желісі;

      20) 56 кварталдың жылу желісі;

      21) 51 кварталдың жылу желісі;

      22) 53-54 кварталдардың жылу желісі;

      23) 55 кварталдың жылу желісі;

      24) 5 шағынауданның жылу желісі;

      25) 4 шағынауданның жылу желісі;

      26) 3 шағынауданның жылу желісі;

      27) 55а кварталдың жылу желісі;

      28) ФЗБ (бұрынғы ФЗБ кенті) кварталының жылу желісі;

      29) П. Корчагин көшесі, 141 бойындағы сыртқы жылу желілері (П. Корчагин көшесі бойындағы 141 тұрғын үйге қарай);

      30) П. Корчагин көшесі, 139 бойындағы сыртқы жылу желілері (П. Корчагин көшесі бойындағы 139 тұрғын үйге қарай);

      31) 50 лет Октября көшесі, 134 бойындағы сыртқы жылу желілері (50 лет Октября көшесі бойындағы 134 тұрғын үйге қарай);

      32) И. Франко көшесі, 18в бойындағы сыртқы жылу желілері (И. Франко көшесі бойындағы 18в тұрғын үйге қарай);

      33) П. Корчагин көшесі, 129 бойындағы сыртқы жылу желілері (П. Корчагин көшесі бойындағы 129 тұрғын үйге қарай);

      34) П. Корчагин көшесі бойындағы 97 үй маңындағы бөлу құдығынан П. Корчагин көшесі бойындағы 99 үй маңындағы бөлу құдығы ойымына дейінгі жылу желілерінің (жерасты); учаскесі;

      35) Мир көшесі бойындағы 52 үйдің ойымынан Мир көшесі бойындағы 56 үйдің жанындағы ойымға дейінгі жылу желілерінің (жерасты) учаскесі;

      36) Батищев-Тарасов көшесі бойындағы 73, 75, 77 үйлердің алдында орналасқан жылу трассасының учаскесі;

      37) Котовский көшесі бойындағы 132 үйдің жанындағы жылу камерасынан Котовский көшесі бойындағы 134 үйдің жанындағы ойымға дейінгі жылу трассасының учаскесі;

      38) М.И. Калинин көшесі бойындағы 1 үйдің жылу камерасынан 8 Март көшесі бойындағы 56 үйдің қоршауына дейінгі жылу трассасының учаскесі мекенжайында орналасқан, жылу желілеріне қызмет көрсету және пайдалану мақсатында көлемі 16,6617 га жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

      Рудный қаласының әкімі Қ. Испергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады