Рудный қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 715 "Рудный қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 25 шілдедегі № 996 қаулысы

      Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 715 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Рудный қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Тұрғын үй инспекциясы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтерді ұсыну бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысады, сондай-ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе азаматтарға, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес келіп түскен өтініштер бойынша консультациялық көмек көрсетеді.".

      2. Рудный қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі Қ. Испергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады