"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Лисаков қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Лисаков қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Лисаков қаласының әкімі | А. Ибраев |
Әкімдіктің | |
2022 жылғы 11 қаңтардағы | |
№ 14 қаулысымен | |
бекітілді |
"Лисаков қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Лисаков қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ведомстволары жоқ.
3. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111200, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31.
10. Осы ереже Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындауға кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне тыйым салынады.
Егер Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылмаған болса.
2. Мемлекеттік органның міндеттері және өкілдігі
13. Міндеттер:
1) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттің мүдделерін қорғау;
2) ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
14. Өкілеттілігі:
1) Құқықтары;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға құқығы бар;
2) Міндеттері:
қолданыстағы Қазақтан Республикасының заңнама нормаларын сақтау;
қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа міндеттерді орындауға.
15. Функциялары:
1) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
2) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруды жүзеге асыру;
3) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің қызметін ұйымдастыру;
4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
5) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
6) Азық-түлік тауарлары қорының есебін жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) есеп беру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
8) рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
9) Әлеуметтік маңызы бар тауарларға сауда қосуына бақылауды жүзеге асыру;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттілігі
16. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне басшылықты Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бірінші басшысын Лисаков қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:
қаржы құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие, шарттар жасасады, сенімхаттар береді;
мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті лауазымдық міндеттерді бөледі және бекітеді, бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
іссапарлар, тағылымдамалар, оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша тәртіп пен жоспарларды бекітеді;
жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
19. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
22. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.