"Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 124 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Мемлекеттік органдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков қаласының әкімі А. Ибраев

  Әкімдіктің
  2022 жылғы "01" сәуірдегі
  № 124 қаулысымен
  бекітілді

"Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) ішкі саясат саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің ведомствосы бар:

      1) "Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда, ол мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111200, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31-үй.

      10. Осы ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекемесінің өкілеттік болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады. Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары және өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, халық бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

      3) мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, қала әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

      4) өңірде Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың және басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;

      5) діни және басқа да коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктермен байланысты және өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      6) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану мәселелері бойынша қалалық бөлімдермен өзара іс-қимыл жасау;

      7) қалада мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша БАҚ қызметін әдістемелік қолдау және үйлестіру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      1) ішкі саясат бағдарламалары бойынша жұмыстарды, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы ретінде әрекет ету;

      2) мемлекет пен азаматтық қоғамның, билік пен оппозицияның сындарлы сұхбат тетіктерін қалыптастыру;

      3) қала әкімдігінің отырыстарына, қалалық мәслихат сессияларына, комиссиялардың кеңестері мен отырыстарына қатысу, мемлекеттік мекеме атынан оның құзыретіне жататын ұсыныстарды енгізу;

      4) мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан мемлекеттік мекеменің функцияларын орындау үшін қажетті ақпараттар мен мәліметтерді қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде сұрату және алу;

      5) мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлерін, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың өкілдерін (келісім бойынша) қалалық қоғамдық-саяси іс-шаралар мен акцияларды өткізуге қатысуға тарту;

      6) өз құзыреті шегінде мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарды мемлекеттік басқару органдарының қарауына енгізу;

      7) мемлекеттік мекеменің құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамамен берілген өзге де құқықтарды пайдалану.

      2) міндеттері:

      1) ұлттық, мемлекеттік және өзге де мерекелерді, қоғамдық-саяси іс-шараларды дайындау және өткізу;

      2) Лисаков қаласының аумағында тұратын барлық этностардың діни сенім бостандығы құқығын одан әрі іске асыру, сондай-ақ мәдениеті мен дәстүрлерін еркін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      3) патриоттық сана-сезімді, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, белсенді қоғамдық ұстанымды қалыптастыруға, жас таланттарды анықтауға және қолдауға бағытталған жас ұрпақпен өзара іс-қимылдың тиімді моделін әзірлеу;

      4) қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының шығармашылық және кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау;

      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті шаралар қабылдайды және дербес жауапты болады;

      6) өзінің қызметі туралы ақпаратты таратады.

      15. Функциялары:

      1) мемлекеттік мекеме жұмыстың сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады;

      2) саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің Лисаков қаласының мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарында пайдаланылуын (орнатуын, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады;

      4) өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;

      5) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;

      6) ішкі саясат саласында жұмыстар мен іс-шараларды өткізу үшін шарттар жасайды;

      7) өзінің құзыреті шеңберінде ішкі саясат саласында қалалық бөлімдердің жұмысын үйлестіреді;

      8) Лисаков қаласы әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің және дербес қолдану актілерінің жобаларын дайындайды;

      9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      10) заңнамада белгіленген тәртіпте және жағдайларда "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 418-бабы 1-1-тармағында, 489-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды;

      2) өз өкілеттіктерін іске асыру процесінде қала әкіміне және жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарына есеп береді;

      3) мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидасы негізінде әрекет жасайды және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес мемлекеттік мекеме қызметінің мәселелерін дербес шешеді;

      4) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      5) барлық ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;

      6) шарттар жасайды;

      7) сенімхаттар береді;

      8) қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие болады;

      9) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;

      10) мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      11) еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      12) заңнамада белгіленген тәртіпте өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;

      13) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      14) әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын уақтылы мемлекеттік әзірлеуге, қабылдауға және кейіннен мемлекеттік тіркеуге тікелей бақылауды жүзеге асырады, дербес жауапты болады, жобаларды "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірлеуші органы мемлекеттік мекеме болып табылатын, белгіленген мерзімдерде әкімдікке ұсынады;

      15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысқа дербес жауапты болады;

      16) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      19. Мемлекеттік мекеменің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды еңбек заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Мемлекеттік мекеменің атына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату

      23. Мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік мекеменің қарамағындағы ұйымдардың және оның ведомстволарының тізбесі:

      1) "Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады