"Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 127 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Ибраев

  Әкімдіктің
  2022 жылғы "01" сәуір
  № 127 қаулысымен
  бекітілді

"Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мәтін бойынша - Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі) Лисаков қаласындағы құрылыс саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің ведомстволары жоқ.

      3. Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, қазақ жәке орыс тілідернде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.

      6. Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі өз құзыретінің мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111200, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31-үй.

      10. Осы ереже Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) Лисаков қаласында құрылыс саласындағы басқару функцияларын жүзеге асыру;

      14. Өкілеттіліктері:

      1) құқықтары:

      қала әкіміне әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;

      мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелерді шешу бойынша қала әкімінің және қалалық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізу;

      конкурстық комиссияларға қатысу үшін қала кәсіпорындарының, ұйымдарының және қоғамдық құралымдарының мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша тарту;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындау үшін мемлекеттік биліктің тиісті органдарынан, статистика органдарынан, ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан ақпарат сұрату және алу;

      мемлекеттік мекеме осы ережеде көрсетілген құқықтармен қатар оған қолданылып жүрген заңдармен берілген басқа да құқықтарға ие.

      2) міндеттері:

      мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелерді шешу бойынша қала әкімінің және қалалық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізу;

      өз құзыретіндегі мәселелер бойынша келіссөздер жүргізу және келісімдерге, өзге де заң актілеріне қол қою;

      өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде құрылыс, құрылыс индустриясы, энергетика объектілері мен кәсіпорындарына, жол, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріне бару.

      15. Функциялары:

      1) қала аумағында құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;

      2) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес қалалық объектілерді салу және реконструкциялау бойынша жылдық және перспективалық бағдарламаларды әзірлеу;

      3) мемлекеттік мекеме қызметінің бағытына сәйкес келетін бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;

      4) Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үйлерді сату;

      5) тұрғын үй құрылысы;

      6) инженерлік-коммуналдық желілерді дамыту;

      7) абаттандыру объектілерін дамыту;

      8) әкімшісі болып табылатын бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алу шегінде қаржының пайдаланылуын бақылау;

      9) қаржыландыру жоспарларын және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын дайындау;

      10) бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      11) бюджет қаражатын пайдалануды растайтын құжаттардың дұрыс ресімделуін бақылау;

      12) салуға және құрылысы аяқталған объектілерді реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      13) құрылысы аяқталған немесе реконструкцияланған объектілерді пайдалануға қабылдауға қатысу;

      14) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;

      15) салынған және реконструкцияланған объектілерді пайдаланушы ұйымдардың балансына беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      16) қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін мемлекеттік мекеменің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін басқа да функцияларды орындау.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіліктері

      16. Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі басшысының орынбасарлары жоқ.

      19. Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі басшысының өкілеттіктері:

      1) Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) барлық ұйымдарда Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің мүддесін білдіреді;

      3) заңдарда белгіленген реттер мен шектерде мүлікке билік етеді;

      4) шарттар жасайды;

      5) сенімхаттар береді;

      6) қаржы құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;

      7) Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің іссапарлар жөніндегі тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      8) Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      9) Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      10) Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің қызметкерлерін көтермелеу шараларын қабылдайды және оларға тәртіптік жазалар қолданады;

      11) Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Лисаков қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      21. Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі өзінің балансында тұрған, өзіне бекітілген мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығын дербес жүзеге асырады.

      23. Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады