"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – ММ) туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап "Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ туралы ережені бекіту туралы" 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 44 Алтынсарин ауданы әкімдігі қаулысының күші жойылсын.
3. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алтынсарин ауданының әкімі | А. Сартов |
2022 жылғы "8" ақпандағы | |
№ 12 қаулысымен | |
бекітілген |
"Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Кәсіпкерлік бөлімі) кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Кәсіпкерлік бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Кәсіпкерлік бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Кәсіпкерлік бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Кәсіпкерлік бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Кәсіпкерлік бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110101, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы, Пришкольная көшесі, 1А.
9. Осы ереже Кәсіпкерлік бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
10. Кәсіпкерлік бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
11. Кәсіпкерлік бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен Кәсіпкерлік бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Кәсіпкерлік бөлімі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
12. Мақсаттары:
кәсіпкерлік субъектілерінің дамуын мониторингілеу және талдау;
ауданның шаруашылық субъектілері мен кәсіпкерлерін ақпараттық-құқықтық қолдау;
инвестициялық жобаларды дайындауда ауданның шаруашылық субъектілеріне және кәсіпкерлеріне ақпараттық және консультациялық көмек;
кәсіпкерлік мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруда және жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруде қатысу.
13. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Кәсіпкерлік бөлімінің құзырына жататын мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарды аудан әкімінің, әкімдігінің қарауына енгізу;
мемлекеттік басқарудың басқа құзыретті органдарымен бірлесіп шаруашылық субъектілерді экономикалық сауықтыру жөніндегі шараларды әзірлеуде және іске асыруда қатысу;
2) міндеттері:
азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;
заңнамамен белгіленген мерзімдерді шағымдар мен өтініштерді қарау, және олар бойынша керекті шараларды қабылдау.
14. функциялары
қоғамдық бірлестіктермен және басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарымен өзара іс-әрекет жасау;
Кәсіпкерлік бөліміне жүктелген міндеттерді орындау үшін өзінің құзыры шегінде мемлекеттік биліктің тиісті органдарынан ақпаратты сұрау және алу;
сауда қызметі субъектілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін арттыруына бақылауды жүзеге асырады;
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
15. Кәсіпкерлік бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Кәсіпкерлік бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
16. Кәсіпкерлік бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
17. Кәсіпкерлік бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Кәсіпкерлік бөлімі жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
Кәсіпкерлік бөліміне жүктелген функциялардың орындалуына дербес жауапты болады, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауаптылықта болады;
заңнамада белгіленген тәртіпте Кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Кәсіпкерлік бөлімі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Кәсіпкерлік бөлімі атынан өкілдік етеді.
Кәсіпкерлік бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
18. Кәсіпкерлік бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Кәсіпкерлік бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
19. Кәсіпкерлік бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Кәсіпкерлік бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
21. Кәсіпкерлік бөлімінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.