"Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 42 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2016 жылғы 28 шілдедегі № 151 Алтынсарин ауданы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алтынсарин ауданы әкімі А. Сартов

  Әкімдіктің
  2022 жылғы "15" сәуір
  № 42 қаулысымен
  бекітілген

Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесі турылы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi ауданда ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Алтынсарин ауданының әкімдігі болып табылады.

      3. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің осы Ереже қосымшасында көрсетілген ведомстволары бар.

      4. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      5. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      6. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      7. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      8. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi өз құызыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      9. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110110, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы, Ленин көшесi, 4.

      11. Мемлекеттік органның толық атауы - "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      12. Осы Ереже "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтай құжаты болып табылады.

      13. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      14. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне кәсіпкерлік субъектілерімен "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. Міндеттері:

      1) ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік басқаруды және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      2) ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту облысында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру.

      16. Өкілеттіктері:

      1) Құқылы:

      2) ауданда мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөніндегi консультациялық-кеңесші органын құру;

      3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің аудан аумағында пайдалануын (тігілуін, орналастыруын) бақылауды жүзеге асыру;

      4) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асыру;

      5) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      6) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзу;

      7) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзу;

      8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      17. Құқықтары мен мiндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және басқа да орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ, аудан, облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

      3) ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      4) ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың қызметін құру және қамтамасыз ету;

      5) аудан аумағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асыру;

      6) ауданның ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асыру;

      7) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      8) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды өткізу;

      9) облыстардың атқарушы органдарына ауылдарға, ауылдық округтерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;

      10) заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау;

      11) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      12) медиация саласында жүйелі жұмыс жүргізу.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 17.05.2024 № 50 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне басшылықты "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi басшысының өкілеттігі:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және босатады;

      2) "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауына міндетті бұйрықтар шығарады;

      3) заңнамада белгіленген тәртіпте "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      4) жемқорлыққа қарсы әрекеттер бойынша іс-шаралар қабылдамағаны үшін жаупкершілікті алады.

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделеріне мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен барлық қарым-қатынастарда өкілдік етеді.

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де кірістер есебінен қалыптастырады.

      22. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату

      24. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асырылады.

  "Алтынсарин
  ауданы әкiмдiгiнiң
  ішкі саясат, мәдениет
  және тiлдердi дамыту бөлiмi"
  мемлекеттiк мекемесi
  туралы ережеге
  қосымша

"Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік мекемесі;

      2) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" мемлекеттік мекемесі;

      3) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады