Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 42 "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 50 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс – қимыл жоспарының 114-тармағы "Әділ Қазақстан-Барлығы үшін және әрқайсысы үшін". Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023 жылғы 28 қарашадағы № 2-17-02/7151-И хаты; Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 05-21/4178 хаты негізінде Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 42 "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізілсін:

      17-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;"

      17-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) медиация саласында жүйелі жұмыс жүргізу;"

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алтынсарин ауданы әкімі А. Сартов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады