"Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 52 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – ММ) туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап "Алтынсарин ауданы әкімдігінің әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ туралы ережені бекіту туралы" 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 133 Алтынсарин ауданы әкімдігі қаулысының күші жойылсын.

      3. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алтынсарин ауданының әкімі А. Сартов

  2022 жылғы "26" сәуірдегі
  № 52 қаулысымен
  бекітілген

"Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі энергетика, су, жол және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110100, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы, Ленина көшесі, 4.

      9. Осы ереже "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      11. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

      12. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің келесі ведомстволық ұжымы бар:

      1) "Көмек-Алтын" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1. Алтынсарин ауданының аумағында мемлекеттік саясатты өткізу және стратегиялык дамудың ағымды және болашақты міндеттерді шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру;

      2. абаттандыру және инфракұрылымдарын дамытудың бағдарламаларын, мемлекеттік энергетикалық, тұрғын үй - коммуналдық саясатын іске асыруға әзірлеуге қатысу;

      3. ұйымдарға Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары басқармасы және Қостанай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы арқылы әлеуетті инвесторларды іздеу мен тартуды жүзеге асыруға және инвестициялык жобаларды іске асыруды қамтамсыз етуге көмектесу;

      4. ресурстық және технологиялық базасын қайта құру, кәсіпорындарды кұру, осы салаларда шаруашылық субъектілерді қайта құру жөнінде ұсыныстар дайындау жөнінде жұмысты ұйымдастыру негізінде инфрақұрылымды, құрылысты және сәулетті дамытуға көмектесу;

      5) тұрғын-үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік бақылау;

      6) қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау;

      1. Алтынсарин ауданының аумағында мемлекеттік саясатты өткізу және стратегиялык дамудың ағымды және болашақты міндеттерді шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру;

      2. абаттандыру және инфракұрылымдарын дамытудың бағдарламаларын, мемлекеттік энергетикалық, тұрғын үй - коммуналдық саясатын іске асыруға әзірлеуге қатысу;

      3. ұйымдарға Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары басқармасы және Қостанай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы арқылы әлеуетті инвесторларды іздеу мен тартуды жүзеге асыруға және инвестициялык жобаларды іске асыруды қамтамсыз етуге көмектесу;

      4. ресурстық және технологиялық базасын қайта құру, кәсіпорындарды кұру, осы салаларда шаруашылық субъектілерді қайта құру жөнінде ұсыныстар дайындау жөнінде жұмысты ұйымдастыру негізінде инфрақұрылымды, құрылысты және сәулетті дамытуға көмектесу;

      5) тұрғын-үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік бақылау;

      6) қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау;

      7) мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      8) рұқсат құжаттарымен жұмыс.

      14. Өкілеттіктері:

      Құқықтар мен міндеттер:

      1) заңнамада белгіленген тәртіпте "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      2) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына қарасты мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;

      3) ауданды дамыту стратегиясы және әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі бағыттары мен басымдықтары бойынша аудан әкіміне, аудан әкімдігіне ұсыныстар енгізу;

      4) өз құзыры шегінде орындауға міндетті нұсқалар мен ұсыныстар беру;

      5) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына қарасты мәселелерді шешу бойынша аудан әкіміне, аудан әкімдігіне, аудандық мәслихатына қарау үшін ұсыныстарды енгізуге;

      6) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша тиісті ведомстволар мен ұйымдармен келіссөздер жүргізу;

      7) конкурстық комиссияларға қатысу, тексерістер жүргізу үшін олардың басшыларының келісімі бойынша кәсіпорындар, ұйымдар, қоғамдық құрылысмдардың мамандарын тарту;

      8) аудан аумағында міндетгі түрде барлық энергетикалық субъектілерімен жұмыстарды тұрмыстық саясатты орьндаушы болып саналатын өзінің құзыретінің шегіндегі мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға;

      9) уәкілеттілігін іске асыру барында энергетика, жол, су, тұрмыстық, коммуналдық шаруашылық, көріктендіру және жолаушылар тасудың кез келген нысандарына келуге;

      10) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындау ұшін өз құзыреті шегінде атқару билік органдарынан, статистика органдарынан, барлық меншік нысандағы ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан ақпарат сұрауға және алуға;

      11) қаржы-кредиттік, инвестициялық, жекешелендіру, салық саясаты шешімдерін әзірлеу және талқылау үшін қалыптастырылатын кеңестік комиссиялар мен жұмыс топтар жұмысына қатысу;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

      15. Функциялары

      1) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес аудан аймақтарын көріктендіру бойынша жылдық және перспективтік бағдарламаларды (сметаларды, есептеулерді) әзірлеу:

      көшелерді жарықтандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу;

      қозғалыстарды реттеу бойынша құралдарды іске қосу;

      олардың ағымдағы ұстау және бөлігінде көшелердің қызмет етуін қамтамасыз ету;

      табиғи және техногендік сипатта төтенше жағдайларды жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу;

      2) бөлім құзырына кіретін, бағыттар бойынша аудандық бюджет жобасының негізгі көрсеткіштерін анықтауға қатысады;

      кәсіпорындармен ұйымдардың барлық меншік нысандарында поселкенің ішкі аумақтарын көріктендіру бойынша жоғарыда атап кеткен қызметтерді конкурстық негізінде сатып алуды жүзеге асырады;

      3) кентаралық ішкі аумақтарын абаттандыруды орындаушылармен осы мақсатқа жергілікті бюджетпен тиісті бағдарламалар негізінде бөлінген ассигнованиялар көлемінің шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасайды;

      4) кент аумақтарын көріктендіру бойынша атқарушылардың жұмысты сапалы орындауын техникалық жағынан қадағалайды және бақылайды;

      5) атқарушылардан орындалған жұмыстар көлемін қабылдайды және орындалған жұмыстардың Ф-2 актілеріне және жұмыстардың құны туралы Ф-3 анықтамаларына қол қояды;

      6) ішікі кент аумақтарын көріктендіру бойынша атқарушылармен орындалған және актілер бойынша қабылданған жұмыстарды қаржыландырады;

      7) мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жұмысын реттейді;

      8) селолық аумақтарды көріктендіруіне залал келтіретін жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру құжаттарын беру және осы жұмыстар орындалғаннан кейін, көріктендіру көлемін қалпына келтіруді бақылайды;

      9) ауданның басқа коммуналдық кәсіпорындарына бекітілген коммуналдық мүліктерді теңгерімде ұстаушының жұмыс ету аясы;

      10) су тасқыны және күз-қыс кезеңдері жағдайындағы жұмыстарға аудан кәсіпорындарын дайындау жөнінде реттеу жұмыстарын жүзеге асырады;

      11) автобус қатынастарында жол жүрушілер және коммуналдық кызмет тарифтеріне бағалар құрылуына талдаулар жасайды;

      12) коммуналдық меншіктегі коммуналдық шаруашыллықтың құрылғылар мен кәсіпорындардың мемлекеттік тұрғын үй қорының қолданылуын бақылайды;

      13) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдык қызметтердің есепке алынуын ұйымдастыру үшін приборлар және өзіне меншікті жылыту жүйелерін қондыру және отынды сатып алу тендерлерін өткізуге қатысады;

      14) ауданда жолаушылар көлігінің жұмысын бақылайды;

      15) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және Президент Жарлықтарын, мемлекеттік бағдарламаларын орындау бойынша есептеме дайындайды өз құзыретіндегі мәселелер бойынша облыс, аудан әкімінің шешімі мен өкімдерін, аудан және облыс әкімдіктерінің қаулыларын бақылауды жүзеге асырады;

      16) уақытында шағымдар мен арыздарды қарауды бақылайды;

      17) тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың өтініштерін есепке алуды жүргізеді;

      18) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік қызметтерді көрсету және сапасын арттыру;

      19) қызметтік тұрғын үй мәселелеріне қатысты құқыктық актілердің жобаларын дайындайды, сондай - ақ мұқтаждарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға беруге немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға беруге;

      20) ауданның тұрғын үйлік қорының мониторингін жүргізеді;

      21) ауданның мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарын басқару органы болып табылады және мынадай құзыреттерге ие:

      мемлекеттік кәсіпорын қызметінің басым бағыттарын анықтау;

      мемлекетпк кәсіпорынның қаржылык-шаруашылық қызметінің жоспарын, сонын ішінде жоспарлық қаржылық көрсеткіштер, оларды ұсынудың мерзімділігі мен тәртібін қарау және бекіту;

      уәкілетті органмен белгіленген мерзімде оларға тиісті есеп берумен мемлекеттік кәсіпорынның жоспарлық қаржылық - шаруашылық көрсеткіштерінің орындалуын бақылау және талдау;

      Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте басшыны тағайындау және аттесттауды өткізу;

      мемлекеттік кәсіпорын мүлкін орынды пайдалануды және оның сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, оның құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;

      22) такси жолаушылары мен багажын тасымалдаған кезде қызметтің іске асырылуын бастау туралы хабарландыруларды берген жеке және заңды тұлғалардың реестрін жүргізу;

      23) қызмет аймағының шегінде механикалық көлік құралдарын және тіркемелердің міндетті техникалық қарауын өткізу кестесін келісу;

      24) Халықаралық техникалық қарау сертификаттарын беру".

      25) тұрғын үй инспекциясының негізгі функциясы тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінде елді мекендер шекараларының шегінде бақылау субьектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінде елді мекендер шекараларының шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау болып табылады;

      26) кондоминиум субъектілерінің лауазымды адамдарының қызметіне тексерулер жүргізеді, тұрғын үй қорын сақтау және тиісті түрде пайдалану үшін кондоминиум объектісін басқару органдарының іс-шараларын ұйымдастыруды және олардың қызметін бақылауды қамтамасыз етеді".

      27) өз құзыры мәселелері шегінде тиісті органдарға Президент актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, әкімдік қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындау бойынша ақпараттарды, есептерді уақытылы дайындау және ұсыну;

      28) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін, заңнамаға қайшы келмейтін басқа да фукнцияларды орындау;

      29) өз құзыры шегінде гендерлік саясатты жүзеге асыру.

      16. "Көмек-Алтын" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның функциялары:

      1) қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын ұстау жэне қызмет көрсету;

      2) су құбырлары желілерін ұстау және техникалық қызмет көрсету.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      17. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      18. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      19. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функциялардың орындалуына дербес жауапты болады, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауаптылықта болады;

      заңнамада белгіленген тәртіпте "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді.

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады