Ескерту. Күші бұзылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 04.09.2023 № 62 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылының жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 19 наурыздағы № 153 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4667 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы", орыс тіліндегі тақырыбында "ауылдар" деген сөз алынып тасталсын;
1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.";
көрсетілген шешіммен бекітілген, Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген, Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшаларында:
"Мәслихаттың 2014 жылғы 19 наурыздағы № 153 шешімімен бекітілген" деген сөздер "Мәслихаттың 2014 жылғы 19 наурыздағы № 153 шешіміне 1-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Мәслихаттың 2014 жылғы 19 наурыздағы № 153 шешіміне қосымша" деген сөздер "Мәслихаттың 2014 жылғы 19 наурыздағы № 153 шешіміне 2-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әулиекөл аудандық мәслихатының хатшысы | Д. Қойшыбаев |
Мәслихаттың | |
2022 жылғы 9 ақпандағы | |
№ 101 шешіміне | |
1-қосымша | |
Мәслихаттың | |
2014 жылғы 19 наурыздағы | |
№ 153 шешіміне | |
1-қосымша |
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылы тұрғындарының жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін ауыл аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Тимофеев ауылының аумағы учаскелерге (көшелерге) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Бөлек жиынды Тимофеев ауылының әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Тимофеев ауылының әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етіледі.
7. Көше шегінде бөлек жиынды өткізуді Тимофеев ауылының әкімі ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Бөлек жиынды Тимофеев ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Тимофеев ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің кандидатураларын Әулиекөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
11. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Тимофеев ауылының әкімінің аппаратына береді.
Мәслихаттың | |
2022 жылғы 9 ақпандағы | |
№ 101 шешіміне | |
2-қосымша | |
Мәслихаттың | |
2014 жылғы 19 наурыздағы | |
№ 153 шешіміне | |
2-қосымша |
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылының жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы
№ р/с | Көше атаулары | Өкілдер саны (адам) |
1 | Қостанай | 1 |
2 | Нечепуренко | 1 |
3 | 40 лет Казахстана | 1 |
4 | Октябрь | 1 |
5 | Молодежная | 1 |
6 | Жильгильдин | 1 |
7 | Тұргымбаев | 1 |
8 | Лесная | 1 |
9 | Переулок Школьный | 1 |
10 | Алтынсарин | 1 |
11 | Кравцов | 1 |
12 | Абай | 1 |
Барлығы | 12 |