Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 4 шешімі. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округі әкімінің 20.07.2022 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инсекторының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 01-22/198 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллезіне байланысты Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округінің Диев ауылындағы "Нажмитдинов Султанбек Салаватович" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Әулиекөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

      3. "Диев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Диев ауылдық округінің әкімі М. Досмурзин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық

      сақтау министрлігі Санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау комитеті

      Қостанай облысының санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау департаменті

      Әулиекөл аудандық санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау басқармасы"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      ________________________ Л. Жунусова

      2022 жылғы "__" ____________________


      Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және қадағалау

      комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық

      инспекциясы" мемлекеттік мекемесі

      басшысы

      _______________________ А. Тайшыбаев

      2022 жылғы "__" ____________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады