Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылы әкімінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 7 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес және Әулиекөл аудандық жер учаскелерін беру жөніндегі комиссиясының 2022 жылғы 21 қарашадағы № 26 отырысының хаттамасынан үзінді көшірме негізінде Тимофеев ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Мобайл Телеком Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне ұзындығы 500 метр талшықты-оптикалық байланыс желісін салу және пайдалану үшін жалпы ауданы 0,2 гектар Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылының аумағында орналасқан жер учаскесіне 5 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Тимофеев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберу;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Нсанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады