"Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 58 қаулысы

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жолдауды;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Нұрғалиев Б.М.

  Денисов
  ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 5 наурыздағы
  № 58 қаулысымен
  бекітілген

"Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қолдау мен дамытуға басшылықты және оны іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекетік органы болып табылады.

      2. Бөлімде ведомстволар жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Бөлімнің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, басқа да актілерімен ресімделген шешімдер қабылдайды.

      8. "Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисовка ауылы, Калинин көшесі, 5.

      10. Осы ереже Бөлімнің құрылтайшы құжаты болып табылады.

      11. Бөлім қызметінің қаржыландыруы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      12. Бөлімге Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерін орындау үшін кәсіпкерлік субъектілерімен келісім-шарт қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) өнеркәсіп, туризм, кәсіпкерлік және сауда, ауыл шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      2) ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      3) жеке кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      4) мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету және оған жауапкершілік;

      5) аудан экономикасында аграрлық сектордың жалпы ішкі өнімінің үлесін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;

      6) кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамыту және қолдау мәселелері бойынша мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарымен, басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер болып табылады.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрату, Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту;

      өз құзыреті шегінде аудан әкімінің, әкімдігінің қарауына ұсыныстар енгізу;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ, аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындау.

      15. Функциялары:

      1) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау;

      2) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

      3) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;

      4) кәсіпкерлікті қорғау, қолдау және дамыту мәселелері бойынша, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар әзірлеуге қатысу;

      5) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестерінің қызметін ұйымдастыру;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасының мәселелері бойынша халық, жеке кәсіпкерлік субъектілері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

      7) аудан аумағында кәсіпкерлік қызметті дамыту, ауыл шаруашылығын және инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасау;

      8) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаулылардың, шешімдердің жобаларын әзірлеу;

      9) уәкілетті органға туризмді дамыту туралы, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы қажетті мәліметтерді ұсыну;

      10) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету;

      11) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

      12) азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) есептілікті ұсыну;

      13) елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп ұстау қағидаларын әзірлеу;

      14) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары негізінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын әзірлеу;

      15) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) беру;

      16) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асыру;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

      18) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      19) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемелерін бақылауды жүзеге асыру;

      20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі.

      17. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      18. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. Бөлім басшысының өкілеттігі:

      1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды;

      2) мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      4) бұйрықтарға, қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың өкілеттіктері мен міндеттерін анықтайды;

      6) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастырудың, қабылдаудың, тіркеудің және есепке алудың жай-күйі үшін жеке жауаптылықта болады.

      Бөлім басшысы болмаған кезінде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі.

      21. Бөлімнің жедел басқару құқығында заңнамамен қарастырылған жағдайда жекелеген мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншіктенушімен табысталған, мүлкінің есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өз қызметінің және басқа да көздердің нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қосқанда) құрылады.

      22. Бөлімге бекітілген мүлік, коммуналдық меншіке жатады.

      23. Бөлімнің егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру.

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады