"Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 59 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Нұрғалиев Б.М.

  Денисов ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 5 наурыздағы
  № 59 қаулысымен
  бекітілген

"Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволық бағынысты мекемесі бар: "Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімінің "Дидар" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Бөлім егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисов ауылдық округі, Денисовка ауылы, Калинин көшесі, 5 құрылыс.

      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатынан жүзеге асырылады.

      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттігі

      13. Міндеттері:

      1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль көлігі, автомобиль жолдары, энергетика және энергия үнемдеу салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік бақылау және қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау болып табылады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттер болып табылады.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтар

      өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;

      аудан әкімі аппаратының міндеттерін орындауға және функцияларын жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, барлық меншік нысанындағы ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан ақпарат сұрату және алу;

      өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;

      мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алу және жүзеге асыру;

      заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлімнің құқықтары мен мүдделерін, соның ішінде соттарда қорғауды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      жоғары тұрған мемлекеттік органдардың, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

      мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялар:

      1) ведомстволық бағынысты кәсіпорынның күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындық жөніндегі қызметін үйлестіру және бақылау;

      2) коммуналдық тұрғын үй қорын сақтау бойынша іс-шаралар өткізу;

      3) ауданның елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру және мониторингілеу;

      4) ауданның коммуналдық меншігіндегі аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын басқару;

      5) аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      6) Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы туралы деректер жинау;

      7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      8) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

      9) жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық, ауданішілік тасымалдауды ұйымдастыру, олардың маршруттарын бекіту, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткізу және маршруттар бойынша қозғалыс кестесін бекіту;

      10) такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

      11) энергия үнемдеуге және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру;

      12) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      13) коммуналдық қызметтерді үздіксіз көрсету мақсатында коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен және тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасау;

      14) мемлекеттік қызметтер көрсету;

      15) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендердің шекаралары шегіндегі бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендер шекаралары шегіндегі қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      16) өз құзыреті шегінде Денисов ауданы әкімдігінің және Денисов аудандық мәслихатының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу және келісу;

      17) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау болып табылады.

3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

      17. Бөлімнің бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауап береді;

      2) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен;

      3) Бөлімнің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді, орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      4) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті емес шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;

      5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      6) мемлекеттіқ бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;

      7) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;

      8) қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      9) бөлімнің барлық қаржылық және банктік құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;

      10) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Бөлімде бекiтiлген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзіне бекiтiлген мүлiктi және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      23. Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      "Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімінің "Дидар" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады