"Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 61 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бекітілсін.

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Бекмұхамедов

  Қамысты ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 31 наурыздағы
  № 61 қаулысымен
  бекітілген

"Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі стратегиялық эканомикалық және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қамысты ауданы әкiмдігінің эканомика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Қамысты ауданы әкiмдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Қамысты ауданы әкiмдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Қамысты ауданы әкiмдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Қамысты ауданы әкiмдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қамысты ауданы әкiмдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Қамысты ауданы әкiмдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111800, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, Ержанов көшесі, 61.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы "Қамысты ауданы әкiмдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже "Қамысты ауданы әкiмдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып саналады.

      12. "Қамысты ауданы әкiмдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік субъектілерімен "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функцияларды, құқықтары мен міндеттері

      14. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамыту басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін жоспарлау жүйесін дамыту және құру, ауданды дамыту саласында әзірленген бағдарламаларға мониторинг жүргізу болып табылады.

      15. Міндеттер:

      1) Әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарды тиімді іске асыруға ықпал ететін жоспарлау жүйесін дамыту;

      2) елдегі және аудандағы экономикалық жағдайдың өзгеруіне уақтылы мән беру және аудан экономикасын тұрақтандыру бойынша шара қолдану;

      3) Қазақстан Республикасының заңнасымен көзделген өзге де міндеттер.

      16. Функциялары:

      1) Ауданның дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша іс шаралар жоспарын және ауданды дамыту бағдарламасын әзірлеу;

      2) ауданның дамыту бағдарламаларын мониторингі;

      3) ауданның бюджеттік жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны ауданның бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді;

      4) бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, тізбесін қалыптастырады;

      5) Қамысты ауданы бюджеттік комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру, бюджеттік комиссиясы отырысының хаттамасын дайындау;

      6) бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарастырады, қорытындыларды қалыптастырады және оларды ауданының бюджеттік комиссиясына қарастыруға жібереді;

      7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және аудан әкімінің және әкімдігінің бағдарламаларын іс-шаралар жоспарын тапсырмаларын орындау бойынша есептерді дайындау;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) мемлекеттік органдардан, лаузамды тұлғалардан және барлық меншік нысанындағы шаруашылық субьектілерден қажетті ақпаратты құжаттарды және өзге метериалдарды сұрау және алу;

      2) Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамасын сақтау, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды тұлғалардың өтініштерін заңмен бекітілген мерзімде қарау, олар бойынша қажетті шараларды қолдану;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйексе өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларды жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қамысты ауданнының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамына сәйкесе мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;

      2) "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      3) "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік боспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемкорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;

      4) "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға дербес жауапты болады;

      5) бұйрықтар шығарады;

      6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      7) заңнамада белгіленген тәртіппен "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджетттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза салалды және мадақтау шараларын қолданады;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзге асырады.

      "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезенде оны алмастыратын тұлға орындайды.

      "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау болімі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады