Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
2. Қамысты ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 63 "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулысы жойылсын.
3. "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:
1) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілсін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Г. Бекмухамедов |
Қамысты ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы 26 мамырдағы | |
№ 108 қаулысымен | |
бекітілді |
"Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ) ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ-нің ведомстволары жоқ.
3. "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 110800, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, Ержанов көшесі, 61.
10. Осы Ереже "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен" Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) агробизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру;
4) аудан экономикасында аграрлық сектордың жалпы ішкі өнімінің үлесін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және/немесе алып тастау, мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауын өзгерту тұрғысынан заңнама мониторингі;
7) мемлекеттік органның құзыретіне кіретін бағыттар бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
14. Өкілеттіктер:
Құқықтары:
1) агроөнеркәсіптік кешеннің жеке және заңды тұлғаларынан Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктерді іске асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға құқылы;
2) әкімнің, әкімдіктің қарауына "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік органының құзыретіне кіретін мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламаларын әзірлеу және оларды аудан аумағында іске асыруды қамтамасыз ету;
4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
5) "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
6) Өз құзыреті шегінде лауазымды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
7) "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімдігінің және аудандық мәслихаттың, аудандық консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысуға;
8) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік агроазық-түлік саясатының негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша жұмыстарды жүргізу;
Міндеттері:
1) заңнамада белгіленген құзырет шегінде ауыл шаруашылығын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
3) тұтынушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;
4) уәкілетті органға мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы туралы тиісті ақпаратты беру;
5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
15. Функциялар:
1) мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер көрсету бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін осы Заңға және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру болып табылады;
3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
4) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
5) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) беру;
6) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органдарына (әкімдігіне) есептілікті ұсыну;
7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асыру;
8) бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік орган басшысының өкілеттігі мәртебесі
16. "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшылықты "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
17. Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі ММ басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысының өкілеттігі:
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) орындалуы міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
3) заңда белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
4) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ-нің мүддесін білдіреді;
5) белгіленген еңбекақы төлеу қоры және жұмыскерлердің штат санының лимиті шегінде "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ шығыстар сметасын, құрылымын және штат кестесін бекітеді;
6) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
"Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
19. "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ заңнамада көзделген оқшауланған мүлікті жедел басқару құқығында иелене алады. "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ-не бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
22. "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.