"Қамысты ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 139 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қамысты ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.

      2. Қамысты ауданы әкімінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 47 "Қамысты ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы" қаулысы жойылсын.

      3. Қамысты ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесі:

      1) ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін қамтамасыз етсін Қазақстан Республикасының;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қамысты ауданы әкімінің м.а. С. Сейдалин

  Қамысты ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы "04" тамыздағы
  № 139 қаулысымен
  бекітілген

"Қамысты ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қамысты ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ішкі саясат бөлімі) ішкі саясат саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Ішкі саясат бөлімінің мынадай ведомстволары бар:

      1) "Қамысты ауданының ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3. Ішкі саясат бөлімі өз қызметтерін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары бар, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Ішкі саясат бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Ішкі саясат бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Ішкі саясат бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ішкі саясат бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Қамысты ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110800, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, Ержанов көшесі, 61.

      10. Осы ереже ішкі саясат бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Ішкі саясат бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Ішкі саясат бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен мен ішкі саясат бөлімі өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер ішкі саясат бөлімі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) Ішкі саясат бөлімі құзыретіне жататын ауданның жергілікті мемлекеттік басқару органдарының Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі саясат бөлімінің құзыретіне жататын актілері мен тапсырмаларына сәйкес орындауын қамтамасыз ету, іске асыру;

      2) Ішкі саясат бөлімі құзыретіне жататын мемлекеттік ішкі саясатты түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;

      3) мемлекеттің даму стратегиясын халықтың хабардарлығын және қолдау деңгейін арттыруға бағытталған өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру;

      4) өңірде болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістерді және олардың даму үрдістерін жан-жақты және объективті зерделеу, жинақтау және талдау;

      5) Қамысты ауданының аумағында дінге, ауданның жастар, үкіметтік емес бірлестіктеріне қатысты мемлекет саясатын дәйекті жүзеге асыру, саяси партиялармен байланысты жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз қызметін атқарушы биліктің басқа органдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асыру;

      мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға, ішкі саясат бөлімі құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

      ішкі саясат саласы қарамағындағы мәселелер және ішкі саясат бөлімі құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;

      заңды тұлғалармен және азаматтармен шарттар жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды сатып алу, сотта талапкер және жауапкер болу.

      2) міндеттері:

      мемлекеттік мекеме құзыретінің мәселелері бойынша аудан әкімі және әкімдігі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, мәслихаттың, әкімдіктің және аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларына сәйкес ауданда ішкі саясат бөлімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттің ішкі саясатын жергілікті мемлекеттік басқару органдарының орындауын қамтамасыз ету және жүзеге асыру;

      2) "Қазақстан – 2050" Даму стратегиясының, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының және басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын түсіндіру және насихаттау;

      3) Ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті, азаматтық бірегейлік пен патриотизмді нығайту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру, қоғамды жаңғыртуға жәрдемдесу, аудандағы конфессияаралық және ұлтаралық келісімді реттеу;

      4) Ішкі саясат бөліміне жатқызылған құзыреттер шегінде ішкі саясат мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету;

      5) Қамысты ауданы аумағындағы қоғамдық-саяси ахуал жағдайына мониторингті жүзеге асыру;

      6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау, ауданның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында, тұрғындардың оларды қолдану, орналастыру және пайдалану мәніне "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңын сақтау бойынша жұмыс;

      7) Қамысты ауданының аумағында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру бойынша Мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;

      8) Аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл;

      9) Ұлттық және мемлекеттік мерекелерді, басқа да мерекелік іс-шараларды тойлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;

      10) Ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды үйлестіру;

      11) Қамысты ауданы аумағында дінге қатысты мемлекет саясатын дәйекті жүзеге асыру, діни бірлестіктердің қатынастарын реттеу саласындағы заңнаманы іске асыруды қамтамасыз ету;

      12) Көрнекі үгіт құралдары мазмұнының Республиканың қолданыстағы заңнамасы мен саяси бағытына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;

      13) Ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті, азаматтық бірегейлік пен патриотизмді нығайту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру, қоғамды жаңғыртуға жәрдемдесу, аудандағы конфессияаралық және ұлтаралық келісімді реттеу;

      14) Аудан аумағында қызметін жүзеге асыратын қоғамдық кеңестің, отбасындағы толеранттылық мәселелері жөніндегі Аналар Кеңесінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің мәліметтерін жинақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      15) Әлеуметтік мәселелер бойынша әкімдік мәжілістері мен аудан әкімі және оның орынбасарлары жанындағы кеңестердің қарауына материалдар дайындау, талдау жазбалары, ауданда болып жатқан әлеуметтік-саяси үдерістердің даму динамикасы мен үрдістері туралы ақпарат;

      16) Аудандағы ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси үдерістерді демократияландыруға бағытталған аудандық ғылыми-практикалық іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу;

      17) Заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болса)

      16. Ішкі саясат бөлімі басқаруды бөлім басшы жүзеге асырады, ол ішкі саясат бөлімі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Ішкі саясат бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасындағы заңнамасына сәйкес лауазымнан тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Ішкі саясат бөлімі басшысының өкілеттіктері:

      1) Ішкі саясат бөлімі жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және ішкі саясат бөлімі жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты;

      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде ішкі саясат бөлімі мүлкіне билік етеді;

      4) шарттар жасайды;

      5) сенімхаттар береді;

      6) банк мекемелерінде шоттар ашады;

      7) ішкі саясат бөлімі қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      8) ішкі саясат бөлімі мүддесін барлық ұйымдарда қорғайды;

      9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ішкі саясат бөлімі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сонымен қатар мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

      10) ішкі саясат бөлімі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберін белгілейді;

      11) ішкі саясат бөлімі іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады;

      Ішкі саясат бөлімінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      19. Ішкі саясат бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

      Ішкі саясат бөлімі мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Ішкі саясат бөлімі бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, ішкі саясат Бөлімі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Ішкі саясат бөлімі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады