"Қамысты ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 182 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қамысты ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.

      2. Қамысты ауданы әкімдігінің "Қамысты ауданының құрылыс бөлімі" және "Қамысты аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы" 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 63, "Қамысты ауданының құрылыс бөлімі" және "Қамысты ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы" Әкімдіктің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 63 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 11 ақпандағы № 66 қаулыларының күші жойылсын.

      3. "Қамысты ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда аталған Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Аудан әкімі Г. Бекмухамедов

  Қамысты
  ауданы әкімдігнің
  2022 жылғы 25 қарашадағы
  № 182 қаулысына
  қосымша

"Қамысты ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қамысты ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Қамысты ауданы аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Бөлім, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110800, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, Ержанов көшесі, 61.

      10. Осы ереже басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен басқарманың құзыретіне кіретін міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Тапсырмалар:

      1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) республикалық және жергілікті бюджеттерден алынған қаражат есебінен құрылысқа арналған инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Орган:

      1) Құқықтар:

      мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату;

      аудан әкіміне, аудан әкімдігіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, басымдықтары мен даму стратегиялары бойынша ұсыныстар енгізу;

      Басқарманың құзыретіне жататын мәселелерді шешу бойынша аудан әкімінің, аудан әкімдігінің, аудандық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізу.

      2) Міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      жоғары тұрған мемлекеттік органдардың, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

      мемлекеттік қызметтерді көрсету.

      15. Функциялар:

      1) белгіленген тәртіппен қала құрылысы, құрылыс және жобалау сметалық құжаттаманы келісуге қатысу;

      2) объектілер мен кешендерді орналастыру бойынша ұсыныстар енгізу, жерге орналастыру қызметімен бірлесіп қала құрылысы мақсаттары үшін жер учаскелерін таңдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      3) аумақты салу, инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілердің құрылысын консервациялау, аудандық маңызы бар объектілерді кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;

      4) объектілерді, сондай-ақ пайдалануға берілген объектілерді (кешендерді) пайдалануға қабылдау актілерінің есебін жүргізу;

      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (құрылысы жоспарланған) объектілер мен кешендер мониторингін жүргізу;

      6) мемлекеттік сатып алу;

      7) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жобалау бойынша конкурстарға қатысу;

      8) аумақтың жоспарланып отырған дамуы немесе қала құрылысының басқа да өзгерістері туралы халықты хабардар ету;

      9) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру;

      10) аудандық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;

      11) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесін жүргізуді және толтыруды қамтамасыз ету;

      12) заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлімінің құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде соттарда қорғауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      13) Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу және іс жүргізу кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Бөлімге басшылықты басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуы және өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы үшiн жеке, азаматтық, әкiмшiлiк, қылмыстық жауаптылықта болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Бөлім басшысының өкілеттігі:

      1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

      2) мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылықта болады;

      3) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жөнсіз шараларды қабылдағаны үшін жеке жауапкершілікте болады;

      4) бұйрықтарға, қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасына сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      6) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, ұйымдарда мемлекеттік мекеме атынан өкілдік етеді;

      8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыруға, қабылдау, тіркеу және есепке алу жай-күйіне дербес жауапты болады.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4- тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Басқарманың балансында көрсетiлетiн мүлiктен тұрады.

      20. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады