Қазақстан Республикасы "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 18 бабы 8 тармағына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарабалық ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кент және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2022 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін:
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау-айлық есептік көрсеткіштің бір мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомадағы бюджеттік кредит.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Тюлюбаев |