Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бозкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 120 шешімі. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 50 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 15.09.2023 № 50 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бозкөл ауылдық округі бөлек жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бозкөл ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық аудандық мәслихатының хатшысы А. Тюлюбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Бозкөл ауылдық

      округінің әкімі

      ___________ С. Төлебаев

      2022 жылғы " __" _____

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 18 сәуірдегі
  № 120 шешіміне
  1-қосымша

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бозкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бозкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгілі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Бозкөл ауылдық округінің тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауылдық округтің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін үш адамнан аспайтын мөлшерде өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастық бөлек жиынын Бозкөл ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы халықты Бозкөл ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты үздіксіз жария тарату арқылы ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді, Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда оған сәйкес уақыт туралы, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу орнына жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұсынады.

      7. Ауылдар шегінде жергілікті қоғамдыстық бөлек жиынын өткізуді Бозкөл ауылдық округнің әкімі ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдын, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдыстық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдыстықтың бөлек жиыны Бозкөл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Бозкөл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық мәслихат бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылары ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Бозкөл ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 18 сәуірдегі
  № 120 шешіміне
  2-қосымша

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бозкөл ауылдық округі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елдің мекенің атауы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бозкөл ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бозкөл ауылдық округінің Бозкөл ауылының тұрғындары үшін

3

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бозкөл ауылдық округінің Талапкер ауылының тұрғындары үшін

1

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бозкөл ауылдық округінің Саман ауылының тұрғындары үшін

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады