"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған, "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Халықов |
Қарабалық ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы 29 шілдедегі | |
№ 149 қаулысымен | |
бекітілген |
"Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік және жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтар көшесі, 31-үй.
9. Осы Ереже "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
10. "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
11. "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
12. Міндеттері:
1) өнеркәсіп, туризм, кәсіпкерлік және сауда салаларындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2) мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету және оған жауапкершілік;
3) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады.
13. Өкілеттіктері:
Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
2) аудан әкімінің, әкімдігінің қарауына өз құзыреті бойынша ұсыныстар енгізуге;
3) мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарымен, басқа да ұйымдармен кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауға міндетті.
Қызметтері:
4) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
5) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;
6) кәсіпкерлікті қорғау, қолдау және дамыту мәселелері бойынша құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
7) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің қызметін ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасы мәселелері бойынша халық, жеке кәсіпкерлік субъектілері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
9) Қарабалық ауданының аумағында кәсіпкерлік қызметті және инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасау;
10) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаулылардың, шешімдердің жобаларын әзірлеу;
11) уәкілетті органға туризмді дамыту туралы, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы қажетті мәліметтерді ұсыну болып табылады;
12) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және қажетті шаралар қабылдау;
13) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
14) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіреді.
3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
14. "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
15. "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
16. "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекеменің мүдесін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда білдіреді;
2) "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралардың қабылданбауына дербес жауапты болады;
3) бұйрықтарға, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
4) "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды, қызметтен босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
5) өтініштермен жұмысты ұйымдастырады, жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
6) "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін айқындайды;
7) міндеттемелер мен төлемдер бойынша "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін қаржыландыру жоспарын, белгіленген еңбекақы төлеу қоры және жұмыскерлердің саны шегінде "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекітеді.
"Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
17. "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
18. "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
19. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
20. "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.