Славен ауылының жеке секторының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 5 шешімі. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округі әкімінің 19.08.2022 № 10 шешімімен (алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданыска енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Занының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2022 жылғы 11 мамырдағы № 01-20/189 ұсынысы негізінде Қособа ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің Славен ауылының жеке секторының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті Қарабалық аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті санитариялық-эпидемияға қарсы және ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізу ұсынылсын.

      3. "Қособа ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет–ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз атымда қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданыска енгізіледі.

      Е. Бисекеев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетінің Қарабалық

      аудандық аумақтық инспекциясы" ММ

      басшысы

      ________________ М. Балмагамбетова

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай облысы әкімдігінің

      ветеринария басқармасы" ММ

      Қарабалық ауданы бойынша

      мемлекеттік ветеринариялық дәрігері

      _________________ Ж. Джаксыбаева

      КЕЛІСІЛДІ

      Қостанай облысы әкімдігі ветеринария

      басқармасының "Қарабалық ауданының

      Ветеринариялық станциясы" КМК

      директорының м. а.

      _______________________ К. Султанов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Санитариялық - эпидемиологиялық

      бақылау комитеті Қостанай облысының

      санитариялық – эпидемиологиялық

      бақылау департаменті Қарабалық

      аудандық санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау

      басқармасы" РММ басшысы

      ________________________ С. Каратаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады