"Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 63 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жолдауды;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауданының әкімі В. Радченко

  Қарасу ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 8 сәуірдегі
  № 63 қаулысымен
  бекітілген

"Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      6. "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдерді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да актілерді қабылдайды.

      8. "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

      9. Заңды тұлғаның мекенжайы: 111000 Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А.Исақов көшесі, 66.

      10. Осы Ереже "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыруы жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның мiндеттерi мен өкілеттіктері

      13. Міндеттер:

      1) ауданның азық-түлік қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, агробизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру;

      2) ауданның аграрлық өнеркәсіптік секторының тиімді және оңтайлы қызмет етуін қамтамасыз ету;

      3) кәсіпкерлікті даму мен қолдау, бәсекелестікті қорғау, сондай-ақ ғылыми - техникалық саласында кәсіпкерлікті, инновациялық қызметті даму үшін жағдайлар жасау;

      4) ауданың экономикасына инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      5) туристтік қызметтің дамуы, оның ішінде туристтік қызметтің сапасын арттыру және оның инфрақұрылымын нығайту арқылы туризмді дамыту үшін жағдайлар жасау;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.

      14. Өкілеттіктер

      1) Құқықтары:

      1) мемлекеттік мекемесінің мүдделерін ұсынуға;

      2) өз құзырлығы шегінде мемлекеттік органдардан, лауазымдық тұлғалардан және басқа ұйымдардан керекті ақпаратты, құжаттарды және басқа материалдарды сұрау және алуға;

      3) өз қызметін мемлекеттік басқарудың басқа да органдарымен өзара әсерді жүзеге асыруға;

      4) "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретінің мәселелері бойынша аудан әкімімен және әкімдікпен қабылданатын нормативтік - құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстарды енгізуге;

      2) Міндеттері

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтауға;

      2) актілерді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің және басқа орталық атқарушы органдардың, сонымен қатар аудан әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларын уақытында сапалы орындау;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

      15. Функциялар:

      1) бәсекеге қабілеттілігі негізінде ішкі және сыртқы нарықтарға ауыл шаруашылығы өнімдерінің және олардың қайта өңдеу өнімдерінің сату көлемін ұлғайту;

      2) агроөнеркәсіп кешенінің даму бағдарламасын әзерлеуге және іске асыруға қатысу;

      3) ауыл шаруашылығы өндірістің экспорттық әлеуетін жоғарылату және экономикалық өсуін жеделдету үшін қаржы салымдарын тарту;

      4) ауыл шаруашылығы өнімдерінің және қайта өңделген өнімдердің ішкі нарықтағы мониторингін өткізу, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі мониторингін жүргізу;

      5) ауыл шаруашылығы өндірістің саласында үздік тәжірибелерді тарату;

      6) агроөнеркәсіптік кешенін ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру, маркетинг қызметінің дамытуда жәрдем көрсету;

      7) ішкі және сыртқы азық-түлік нарықтарындағы жағдайларды зерттеу және оларды ауылдық тауарын өндірушілердің назарына жеткізу;

      8) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің қаржылық жағдайы бойынша мәліметтерді талдау (баланстардың, қарыздар құрылымының, дебиторлық және несиелік борыштардың өтімділігі);

      9) кадрлық әлеуетті талдау, мамандарда оның мұқтаждығын болжамын, кадрларды даярлау, біліктілікті жоғарылату және қайта даярлау бойынша іс - шараларды жасау;

      10) шағын несиелік ұйымдарды, ауылдық несиелік серіктестіктерді ұйымдастыру мәселелері бойынша агроөнеркәсіптік кешенінің субъектілеріне жәрдем көрсету;

      11) өзін-өзі қамтамасыз етуде ауданның өндірістік әлеует пен мүмкіндігін тиімді пайдалануға және артық өнімдерді сатуға жәрдем көрсету, ауданда өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін сату жөнінде нарықтардың желілерін кеңейтуге мүмкіндік тудыру;

      12) ауыл шаруашылығы машина жасауды, машина - трактор станцияларының (сервис - орталықтар) лизингін және ауыл шаруашылықтық техникаларының көрмелерін дамыту мәселелері бойынша аймақтық семинар-кеңестерді өткізуге кеңестік көмек көрсету;

      13) ауыл шаруашылығы техникаларының, қосалқы бөлшектердің, жанар-жағар май материалдарының қолда бары және мұқтаждығы туралы мәліметтердің талдауын өткізу және оларды сатып алуға көмек көрсету;

      14) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ауыл шаруашылық өсімдіктердің ауруларына және зиянкестерге қарсы фитосанитарлық іс – шараларды өткізуге көмек көрсету;

      15) мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік агро азық – түлік саясаттың негізгі бағыттары мен механизмдерін агроөнеркәсіптік кешенінің субъектеріне түсіндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

      16) мал басының сақталуын және өнімділігін арттыруға бағытталған іс – шараларды әзірлеу; ауылдық округтерде меншіктің барлық нысандарында және жеке қосалқы албарларда жануарлар мен құстардың барлық түрлерінің қозғалысын ақпараттық – талдау жұмыстары мен мониторингін орындау;

      17) ІҚМ тұқымдық қайта құру және табынды өз төлінен өсіру жөніндегі жедел есептілігі;

      18) ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері арқылы ауданның агроөнеркәсіптік кешенімен басқару функцияларын жүзеге асыру;

      19) жергiлiктi бюджет есебінен қаржыландырылатың инвестициялық жобалардың тiзiмiне ұсыныстарды қалыптастыру, олардың iрiктеуi және қозғалысы;

      20) инвестициялық жобаларды әзiрлеуде ауданның шаруашылық - субъектерiне ақпараттық лен кеңес беру көмектi жүзеге асыру;

      21) инвестициялық пен инновациялық жобаларының, бағыттайтын салалар өндірістiк қызметінiң, соның iшінде осы салаларда қызмет ететiн ұйымдардың технологиялық жағдай деңгейiнiң мониторингiн өткiзу;

      22) өз құзыретi мәселелерi бойынша мемлекеттiк пен аумақтық бағдарламаларды, облыс пен аудан әкiмдiктердiң қаулыларын облыс пен аудан шешiмдері мен өкiмдерiн орындау жөнiндегi есептiлiктердi дайындау;

      23) өз құзыретi шегiнде тендерлерді, сондай-ақ дербес конкурстарды асыруға қатысу;

      24) "Қарасу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әкімші болып табылатын бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алу шегінде қаржы қаражаттарының пайдалануын қамтамасыз ету;

      25) халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сапасының жүйесін енгізуіне мониторингті жүзеге асыру және көмек көрсету;

      26) тексерістер мен сараптамалар өткізу, конкурстық комисияларда қатысу үшін аудан кәсіпорындарының, ұйымдарының, қоғамдық қорылымдарының басшыларымен келісімі бойынша мамандарын тарту;

      27) еңбек ресурстарын даму мен тиімді пайдалану, қосымша жұмыс орындарын құру жөніндегі іс – шараларды әзірлеу мен іске асыруда қатысу;

      28) ауданың инвестициялық мүмкіндектерін түсіндіріп тарату және жетістіктерін насихаттау мақсатымен аудандағы семинарлар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қатысу;

      29) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету;

      30) кәсіпкерлік саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруда, осы салада жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін үйлестіруде, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де мемлекеттік пен мемлекеттік емес құрылымдарымен өзара әсер етуде ат салысу;

      31) бағдарламалық құжаттарда белгіленген келешектік бағыттарға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іріктеу мен бағалауда қатысу;

      32) кәсіпкерлікті даму мен қолдауды ұйымдастыруда, кәсіпкерлікті дамуды жәрдемдесудің белсенді нысаналарын енгізуде, кәсіпкерліктең жекелеген санаттары үшін арнайы бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуде қызметті жетілдіру;

      33) индустриалдық – инновациялық даму, кәсіпкерлік пен туризмді қорғау, қолдау мен даму мәселелері бойынша нормативтік – құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстарды әзірлеуде қатысу;

      34) кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымын қалыптастыру мен аяқ басуда қолдау көрсету, кеңес беру, ақпараттық текнологиялық, қаржы және басқа салаларда қызмет көрсету;

      35) аудан экономикасының дамуын мүмкiндiк тудыратың келешектiк жобаларды қаржыландыру мен несиелендiру, ғылыми - техникалық, өндiрiстiк коммерциялық байланыстарды орнату мәселелерi бойынша ауданның, облыстың банктік пен қаржы ұйымдарымен өзара әсер ету;

      36) кәсiпкерлiк субъектілер қызметiнiң жетiстiктерiн жариялауда бұқаралық ақпараттар құралдарымен өзара әсер ету, нормативтiк, статистикалық ғылыми-әдiстемелік, конъектуралық және басқа да құжаттаманы қосатын ақпараттық пен ғылыми-әдiстемелiк базасын, кәсiпкерлердi ақпараттық қызмет ету жүйесiн құру мен даму;

      37) кәсiпкерлiктi қолдау туралы заңнаманың мәселелерi бойынша кәсiпкерлiк субъектiлердiң, халық арасында ақпараттық-түсiндiру жұмысын өткiзу, белгiленген тәртiпте азаматтардың хаттарын, шағымдарын, ұсыныстарын және жеке өтініштерін қарау;

      38) бөлшек тауар айналым көлемiнiң және тауарлар мен қызметтерге денгей мен бағысының талдауын өткiзу;

      39) ауданның тұтыну нарығын даму мен сауда мәселелерi бойынша мемлекеттік уәкiлеттi органдармен, кәсiпорындармен және ұйымдармен өзара әсер ету;

      40) кәсiпкерлiк пен туризмнiң салаларын даму үшiн iшкi мен сыртқы инвестицияларды тартуын жәрдемдесу;

      41) "Бизнестің жол картасы 2025" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      42) сауда қызметі субъектілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерінен асып кетуін бақылауды жүзеге асыру;

      43) "әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне" рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларын бекіту кезінде көрсетілген тауарларға баға белгілеу туралы қабылданған шешімнің ықпалына мониторингті және талдауды жүзеге асыру;

      44) заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау;

      45) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарларды асырау қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу үшін дайындау;

      46) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер дайындау;

      47) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер дайындау;

      48) облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға олар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындаған кезде жәрдем көрсету;

      49) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) облыстардың жергілікті атқарушы органдарына ұсыну;

      50) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      51) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кіреді.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

      17. "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы Қарасу ауданы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мекемесі басшысының орынбасарлары жоқ.

      19. "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

      1) "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, оған жүктелген фукциялар мен міндеттерді орындауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету жөніндегі шараларды қабылдамаған үшін дербес жауапкершілікті тартады;

      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметшілер мен өзге де қызметкерлерге тәртіптік жазалар қолданады және еңбек төлеу қорының үнемі шегінде қосымша ақылар, материалдық көтермелер (сыйақылар) белгілейді;

      3) "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен міндетті орындау үшін бұйрықтарды шығарады және нұсқаулар береді;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына бақылауды жүзеге асырады;

      5) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастырудың, қабылдаудың, тіркеудің және есепке алудың жай-күйі үшін жеке жауаптылықта болады;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де өкілеттіктерді орындайды.

      "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігін, ол болмаған жағдайда, заң күші бар заңнамаға сәйкес оны алмастырушы тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      20. "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк есебiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өз қызметі және басқа көздер нәтижесінде сатып алынған мүлкі (ақшалай қаражатты қоса алғанда) қалыптастырылады.

      21. "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде бекiтiлген мүлiк мемлекеттік коммуналдық меншiкке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады