"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Меңдіқара ауданының әкімі | Ғ. Бекбаев |
Меңдіқара ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы "11" сәуірдегі | |
№ 50 қаулысымен | |
бекітілген |
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111300, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Королев көшесі, 5.
10. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) экономика саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) өңірлік даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мақсаттары.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан өзінің құзыреттілігі шегінде ақпараттар мен құжаттарды сұратады,
өзінің құзыреттілігі шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;
ұйымдастырушылық - әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмекті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына көрсетеді, оларды жүргізуде экономика және бюджеттік жоспарлау саласындағы мәселелер және Бөлімнің құзыреттілігіне кіретін өзге де мәселелері бар;
2) міндеттері:
өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтайды;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ Қостанай облысы әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындайды;
ақпараттық - талдамалық материалдарды мемлекеттік органдарға дайындайды және ұсынады;
сот органдарында Бөлімнің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асырады;
15. Функциялары:
1) ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуының болжамын құрастырады;
2) ауылдық елді мекендерді әлеуметтік - экономикалық даму мониторингі мен талдауын өткізеді;
3) аудандық бюджетінен оларды қаржыландырудың шығыстары мен кішігірім объектілерінің бағытын айқындайды;
4) ауыл, ауылдық округтердің бюджеттерінің жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін айқындайды;
5) жоспарлы кезеңіне ауданның аудандық бюджетін жыл сайын құрастырады;
6) Меңдіқара ауданының аудандық бюджеті туралы аудан мәслихатының шешімін іске асыру туралы аудан әкімдігінің қаулысының жобасын құрастырады;
7) жергілікті бюджетке түсімдердің түсуін болжайды;
8) жана бастамаларының лимиттері, аудандық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің шығыстарының лимитін анықтайды;
9) аудандық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджеттік бағдарламалардың жобалары, бюджеттік өтінімдерін қарастырады, бюджеттік бағдарламалардың жобалары мен бюджеттік өтінімдер бойынша қорытындыны қалыптастырады және оларды Меңдіқара ауданының бюджеттік комиссиясына қарастыруға жолдайды;
10) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың инвестициялық ұсыныстарына техникалық - экономикалық, қаржылық - экономикалық негіздемесіне экономикалық қорытынды береді;
11) "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу мен тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шаралар жүзеге асырады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
3) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;
5) бірінші қол қою құқығына ие;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
7) Бөлім қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
8) Бөлім қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану шараларын қабылдайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
19. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлім мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
22. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.