"Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 56 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Бекбаев

  Әкімдіктің
  2022 жылғы 11 сәуірдегі
  № 56 қаулысымен
  бекітілген

"Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) тұрғын үй қатынастары, инженерлік коммуникациялар, автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы салаларында басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендер шекараларының шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің ведомсы бар.

      1) "Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ "Боровское ЖКХ-2016" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      3. Мемлекеттік мекеме өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан шығады.

      6. Мемлекеттік мекеме, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111300, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Королев көшесі, 5.

      10. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттік болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері және уәкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) автомобиль жолдарын күтіп ұстау мен жөндеуді ұйымдастыру және көлік, жол инфрақұрылымын дамыту;

      2) автожол саласы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру;

      3) тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру;

      4) халықтың өмірі үшін қолайлы санитариялық-эпидемиологиялық фон жасау;

      5) ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің мониторингі;

      6) меншік нысанына қарамастан ауданды жылу және электр энергиясымен, сумен тұрақты жабдықтаудағы барлық учаскелерді (жеткізушілер мен тұтынушылар) жедел үйлестіру;

      7) мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;

      8) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік бақылау;

      9) қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау.

      14. Өкілеттіктер:

      1) Құқығы:

      1) аудан әкімі мен әкімдігіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, даму стратегиялары мен басымдықтары туралы ұсыныстар енгізуге;

      2) өз құзыреті шегінде мердігерлерге орындау үшін міндетті нұсқаулар мен нұсқамалар беру;

      3) аудан әкімі аппаратының бөлімдерінен және басқа да мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      4) аудан мекемелерінің, кәсіпорындарының, ұйымдарының, қоғамдық құрылымдарының мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша тексеру, сараптама және кеңес жүргізу және комиссия жұмысына қатысу үшін тарту;

      5) өз құзыреті шегінде аудан аумағында энергетикалық қызметтің барлық субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылатын энергетикалық саясатты іске асыру мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;

      6) өз құзыреті шегінде бақылау мақсатында энергетика, жол, су және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріне бару;

      7) заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпарат беру;

      8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу, сондай-ақ бақылаудағы объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын азаматтарға, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға өтініштер бойынша консультациялық көмек көрсетеді, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;

      9) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар ұсыну;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      2) Міндеттері:

      1) ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;

      2) тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылау;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      15. Функциялары:

      1) аудан кәсіпорындарын күзгі-қысқы жағдайларда және су тасқыны кезеңінде жұмысқа дайындау бойынша жұмысты үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру;

      2) ауданның елді мекендерін абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, санитарлық тазалау айлықтарын ұйымдастыру;

      3) ауданның инфрақұрылымын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың басым бағдарламаларын талдау, түзету және іске асыруға жәрдемдесу;

      4) тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы бәсекелес нарықты дамыту;

      5) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

      6) энергия үнемдеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдарын дамыту іс-шараларының орындалуын бақылау;

      7) жобаларды мемлекеттік сараптаудың республикалық және аумақтық бөлімшелерімен және лицензиялау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

      8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      9) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

      10) ауданның мемлекеттік энергетикалық, тұрғын үй-коммуналдық саясатын және инфрақұрылымын дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      11) меншік нысанына қарамастан, ауданды жылу, су, газ және электр энергиясымен тұрақты жабдықтауда барлық қатысушылардың (жеткізушілер мен тұтынушылардың) өзара іс-қимылын үйлестіру;

      12) заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;

      13) Мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;

      14) Меңдіқара ауданы бойынша аумақты дамыту бағдарламасына талдау және мониторинг жүргізу;

      15) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендер шекарасының шегіндегі қауіпті техникалық құрылғыларды, атап айтқанда, 0,07 мега Паскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарын (жылумен жабдықтау ұйымдары) қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалау, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі 0,07 мега Паскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер;

      16) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендердің шекаралары шегіндегі бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау, оның ішінде:

      17) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқару нысанын сайлау рәсімін сақтауы, ағымдағы және жинақ шоттарын ашуы;

      18) пәтер иелерінің ортақ мүлкін, объектідегі тұрғын емес үй-жайды және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес аумақтарды пайдалану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібін сақтау;

      19) көп пәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуы;

      20) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйін, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстардың уақтылы орындалуын бақылайды;

      21) көп пәтерлі тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

      22) қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларды орындау;

      23) жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын айқындауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізу;

      24) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасы;

      25) елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларды газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау;

      26) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды орындау;

      27) әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру жатады;

      28) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендердің шекаралары шегінде мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендер шекаралары шегінде қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастыру арқылы өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді:

      28.1) мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қадағалау объектілері мен субъектілері туралы ақпарат;

      28.2) тексерулер кестесі және олардың нәтижелері туралы;

      28.3) анықталған кемшіліктер туралы, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау туралы жасалған актілер мен шығарылған нұсқамалар туралы;

      28.4) елді мекен шегінде құрылған қарапайым серіктестіктердің тізілімін қалыптастыру және енгізу;

      Ведомствоның функциялары:

      1) жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі қызметтер;

      2) су шаруашылығы және кәріз жүйелерінің қызметтері;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады;

      4) қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген, өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, уәкілеттіктері

      16. Мемлекеттік мекемені басқару мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға және онымен өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.

      17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Мемлекеттік мекеме бірінші басшысының орынбасарлары бар.

      19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілетіктері:

      1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды;

      2) мемлекеттік мекемелерден және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардан бөлім қызметін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады;

      3) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау кезінде қалалық мәслихат сессияларына, кеңестерге, отырыстарға қатысады;

      4) мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер өткізеді және кеңес береді;

      5) ауданның барлық қызметтерімен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес мемлекеттік мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;

      7) барлық ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;

      8) шарттар жасасады;

      9) сенімхаттар береді;

      10) қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие;

      11) мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      12) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;

      13) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысқа дербес жауапты болады;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен, қала әкімдігімен, әкіммен, оның орынбасарларымен және қала әкімінің аппаратымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      20. Мемлекеттік мекеменің басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Мемлекеттік мекеменің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Мемлекеттік мекеменің атына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату

      22. Мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады