Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округі Островное ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 3 және Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 152 бірлескен қаулысы және шешімі. Жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 23 тамыздағы № 2 және Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 23 тамыздағы № 195 бірлескен қаулысымен және шешімімен

      Ескерту. Жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 23.08.2024 № 2 және Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 23.08.2024 № 195 бірлескен қаулысымен және шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округі Островное ауылының шекарасына (шегіне) елді мекеннен жалпы алаңы 528,6 гектар жер учаскелерін алу арқылы, оның шекарасы (шегі) өзгертілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыкөл ауданының әкімі А. Балғарин
      Сарыкөл аудандық мәслихатының хатшысы К. Базарбаева

  Әкімдік мүшелері:
  ______________ М. Шымырбеков
  ______________ Ф. Сариев
  ______________ Д. Әбжамалов
  ______________ Ә. Бекмағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады