Сарыкөл ауданы Севастополь ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 2 қарашадағы № 6 және Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 2 қарашадағы № 215 бірлескен қаулысы және шешімі. Жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 23 тамыздағы № 5 және Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 23 тамыздағы № 198 бірлескен қаулысымен және шешімімен

      Ескерту. Жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 23.08.2024 № 5 және Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 23.08.2024 № 198 бірлескен қаулысымен және шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Сарыкөл ауданы Севастополь ауылының шекарасына (шегіне) босалқы жерлерден жалпы алаңы 237,5 гектар жер учаскелерін қосу арқылы, оның шекарасы (шегі) өзгертілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыкөл ауданының әкімі А. Балғарин
      Сарыкөл аудандық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы С. Краснянская

  Әкімдік мүшелері:
  ______________ М. Шымырбеков
  ______________ Д. Әбжамалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады