Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 15 наурыздағы № 180 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7675 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген "Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіде:
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интернет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";
42-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан мәслихатының хатшысы | С. Сапабеков |