"Rio Tinto Exploration Kazakhstan" ("Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан") жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жариялық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 331 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабы 4-тармағының 7-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Rio Tinto Exploration Kazakhstan" ("Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан") жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2026 жылғы 6 тамызға дейінгі мерзімге жер учаскесіне жариялық сервитут белгіленсін:

      Бейімбет Майлин ауданының аумағында орналасқан, жалпы ауданы 4670,1707 гектар қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін оның:

      Белинский ауылдық округі, жалпы ауданы 2963,472 гектар;

      Новоильиновка ауылдық округі, жалпы ауданы 234,6628 гектар;

      Қайындыкөл ауылы (елді мекен шегінен тыс) 1154,414 гектар;

      Смайловка ауылы (елді мекен шегінен тыс) 317,6219 гектар.

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде осы қаулының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу;

      2) қол қойылған күнінен бастап осы қаулыны Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыру және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейімбет Майлин ауданының әкімі Қ. Мыржақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады