"Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекеменің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 65 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.

      2. "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Сандыбаев

  Әкімдіктің
  2022 жылғы "19" сәуірдегі
  № 65 қаулысымен
  бекітілген

"Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ) жер қатынастарын реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111800, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы, Ғабит Мүсірепов көшесі, 14 үй.

      9. Осы Ереже "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.

      10. "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11." Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Мақсаттары:

      1) жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;

      2) жер заңнамасын, аудандық өкілді және атқарушы органдардың шешімдерін орындау;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттер.

      13. Өкілеттіктері: заңнамамен белгіленген құзырет шегінде жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      14. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттер;

      15) Функциялары:

      1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      2) ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      3) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау;

      4) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

      5) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

      6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      7) аудандардың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      8) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      9) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

      10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

      11) ауданның жер балансын жасау;

      12) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

      13) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;

      14) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

      16) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      17) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;

      18) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

      19) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;

      20) Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне құзыретіне кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлігінде өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      21) құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;

      22) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты жүзеге асыру;

      23) жоғары тұрған органдарға құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептілікті және ақпараттық құжаттарды дайындау және ұсыну;

      24) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ басқаруды басшы жүзеге асырады, ол "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ басшысы Ұзынкөл ауданының әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ басшысының өкілеттіктері:

      1) "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктері шеңберін белгілейді;

      2) "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;

      3) бұйрықтар шығарады және "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкерлеріне орындау үшін міндетті болатын нұсқаулар береді;

      4) заңнамада белгіленген тәртіпте көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;

      5) "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      6) "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге ұйымдармен барлық өзара қарым-қатынастарда танытады;

      7) белгіленген еңбекақы қоры және қызметкерлердің штат саны шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын, "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ құрылымын бекітеді;

      8) азаматтарға және заңды тұлғалардың өкілдеріне жеке қабылдау жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

      9) жеке-дара өкімдік қызмет арқылы сеніп тапсырылған органға басшылықты жүзеге асырады және қабылданатын шешімдердің заңдылығына дербес жауаптылықта болады;

      10) жоғары тұрған лауазымды тұлғаның шешімдерімен қатаң сәйкестікте басшылықты жүзеге асырады;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады