"Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 90 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауданының әкімі М. Сандыбаев

  Ұзынкөл ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 19 мамырдағы
  № 90 қаулысымен
  бекітілген

"Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет тік есепке алу және есептілікті жүргізуді жүзеге асыратын, сондай-ақ аудандық коммуналдық меншікті басқару саласында функцияларды басшылықты жүзеге асыратын, Ұзынкөл ауданы әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы функциясын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111800, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы, Мұсрепов көшесі, 14 үй.

      10. Осы Ереже "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) қаржы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, жергілікті бюджеттің атқарылуы, аудандық коммуналдық меншікті басқару, оларды қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру;

      2) мемлекеттік кепілденділген қызметтерді ұсыну бойынша және оларға жүктелген мемлекеттік функцияларды орындау жергілікті атқарушы органның қызметіне қол жеткізуге бағытталған бюджеттік саясатты іске асыру;

      3) жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есептілікті жасау, бюджеттік есепке алуды жүргізу;

      4) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді, оның ішінде Ұзынкөл ауданы әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде мемлекеттік сатып алуды қамтамасыз ету;

      5) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      6) Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалардың ұтымды және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

      14. Өкілеттіктер

      Құқықтары мен міндеттері:

      1) Аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында оның құзырына кіретін мәселелер бойынша жұмысын үйлестіреді;

      2) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

      17. Функциялары:

      1) аудандық бюджеттің атқарылуын ұйымдастырады, бюджет ақшасын басқаруды жүзеге асырады;

      2) аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді, аудандық бюджетті нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізеді;

      3) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергілікті бюджеттер бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;

      4) аудан бюджетінің атқарылуы туралы, жергілікті бюджеттің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептерді жасайды;

      5) Бюджет шығыстарының атқарылуының бюджеттік мониторингін жүзеге асырады, аудан бюджетінің шығыс бөлігін орындау туралы талдамалы есепті жасайды, бюджеттік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жүзеге асырады;

      6) өз құзыреті шегінде бірыңғай бюджет сыныптамасының бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды жүзеге асырады;

      7) аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, он қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады, аудандық коммуналдық мүліктің есебін ұйымдастырады, пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;

      8) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу және жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      9) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді;

      10) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарте бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      11) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай Ұзынкөл ауданы әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;

      12) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асару қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге ұсынған тапсырмасын қарайды;

      13) тапсырыс беруші ұсынған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асару қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) бекітеді;

      14) конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

      15) конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындайды және бекітеді;

      16) мемлекеттік сатып алу өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырады;

      17) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;

      18) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Ұзынкөл ауданының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы орынбасар алуға құқылы, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      19. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;

      2) барлық ұйымдарда "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұсынады;

      3) "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;

      4) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікті басқарады;

      5) шарттар жасасады;

      6) сенімхаттар береді;

      7) қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие;

      8) барлық қызметкерлерге орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      9) заңнамада белгіленген тәртіппен "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза салады және наградтау шараларын қолданады;

      10) жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын жүзеге асырады;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады