"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 193 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауданының әкімі А. Аужанов

  Әкімдіктің
  2022 жылғы 21 қарашадағы
  № 193 қаулысымен
  бекітілген

"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік және жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы бар, Қазақстан Республикасының елтаңбасы белгілінген мөрi мен мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген Ұзынкөл ауданы әкімінің құқықтық актілерімен ресiмделетiн шешiмдерді қабылдайды, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен, сондай-ақ осы ережемен реттеледі.

      8. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111800, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы, Мүсрепов көшесі, 14 үй.

      10. Осы Ереже "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) өнеркәсіп, туризм, кәсіпкерлік және сауда салаларындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      2) мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету және оған жауапкершілік;

      3) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктер:

      Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      2) аудан әкімінің, әкімдігінің қарауына өз құзыреті бойынша ұсыныстар енгізуге;

      3) мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарымен, басқа да ұйымдармен кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауға міндетті;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

      2) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;

      3) кәсіпкерлікті қорғау, қолдау және дамыту мәселелері бойынша құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар әзірлеуге қатысу;

      4) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің қызметін ұйымдастыру;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасы мәселелері бойынша халық, жеке кәсіпкерлік субъектілері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

      6) аудан аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасау;

      7) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаулылардың, шешімдердің жобаларын әзірлеу;

      8) уәкілетті органға туризмді дамыту туралы, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы қажетті мәліметтерді ұсыну болып табылады;

      9) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және қажетті шаралар қабылдау;

      10) "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін, қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін басқа да функцияларды орындау.

      11) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      12) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіреді.

3. Мемлекеттiк органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Ұзынкөл ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Ұзынкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;

      2) "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      3) "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;

      4) "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға дербес жауапты болады;

      5) бұйрықтар шығарады;

      6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      7) техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын, еңбек қатынастарының мәселелері оның құзыретіне жататын "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды, жұмыстан босатады, тәртіптік жазаға тартады және оларға мадақтау шараларын қолданады;

      8) жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын жүзеге асырады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді.

      "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      19. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшысы басқарады.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      20. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      21. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленбесе, "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

4. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады