Мәслихаттың 2014 жылғы 27 ақпандағы № 203 "Қостанай облысы Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 84 шешімі. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 54 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 14.09.2023 № 54 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 27 ақпандағы № 203 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4568 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қостанай облысы Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Федоров аудандық мәслихатының хатшысы Б. Исенгазин

      Келісілді

      Вишневый ауылдық

      округінің әкімі

      _____________ А. Андреев

      "__" __________ 2022 жыл

  Мәслихаттың
  2022 жылғы "25" қаңтардағы
  № 84 шешіміне
  қосымша
  Мәслихаттың
  2014 жылғы 27 ақпандағы
  № 203 шешімімен
  бекітілген

Қостанай облысы Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Вишневый ауылдық округінің ауылдары тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Вишневый ауылдық округінің аумағы учаскелерге (ауылдар) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Вишневый ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Вишневый ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Вишневый ауылдық округінің ауылдары шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Вишневый ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Вишневый ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Вишневый ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Федоров аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Вишневый ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады